«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әйелдер бизнесінің академиясы

2016 жылғы 24 Маусым
- Павлодар облысы
14110 просмотров

Әйел адамға қалай ақша табуға  болады? Әйел атты әдемі жаратылыс, нәзік жанды, қиялшыл, еңбекке құмар жанның әрқайсысы осы сұраққа кемінде бір рет жауап іздеген болар. Осы заманғы әйел іс жүзінде ерлерден қалыспай, бизнестің қандай түрі болса да табысты жұмыс істеп кете алады. Өзіндік  іс – өзін-өзі жетілдіру және қаржылық тәуелсіздікке бастайтын қадам.  

«Бизнесте өзіңді-өзің немесе өмірде өз ісіңді қалай табуға болады?» – Павлодар облысы  Кәсіпкерлері палатасы алаңында өткен шеберлік  сыныбы осылай деп аталады.       

Шеберлік сыныбы барысында өңірлік палатаның  бизнес-жаттықтырушысы Ақмарал Сейітқұлова экономиканың барлық секторында жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің субъектілерін оқыту сияқты кәсіпкерлерді қолдаудың  ықпалды  шарасымен таныстырды. Қысқа уақытта  маркетингке, адам ресурстарын басқаруға, заңды негіздерге оқыту бизнес-үдерісті дамытуға ынталандырады.

Жанетта Қайырова  әңгімелеген, мемлекеттік сатып алуға қатысу ережелерін білу жаңадан бастаған бизнесмен әйелдерге арналған тағы бір жетекші құрал болып саналады, сонымен бірге ол Кәсіпкерлерге қызмет ету орталығы көрсететін  қызметтер жайлы пайдалы ақпарат ұсынды.   

«Эксперт Бизнес» кеңес беру компаниясы басшысы Анара Мұхаметқалиева жақын уақытта Павлодарда болатын «Әйелдер бизнесі  академиясы» жаңа жобасымен таныстырды.

Бизнесті шартты түрде «ерлердікі» және «әйелдерге» деп бөлуге болады. Бұл идеяны жүзеге асыру нақты  әйел кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған.

Жобаның бірегейлігі мынада: бұл «Әйелдер бизнесі академиясы» бірінші рет  осы заманғы тенденцияларды  ескере келе құрылған. Алты айлық курс бизнес жүргізудің әліппесін үйретеді: маркетинг, сату, жеке құрамды басқару, бизнес-жоспарлау және тағы басқалар. Бұл бағдарлама жаңадан бастаған бизнесмен әйелдерге өз күшіне, өз мүмкіндігіне, сенуге және әр қыздың әлуетін ашуға жәрдемдеседі. Біздің барлығымыз жас мөлшеріне, білімге, дағдыларға байланысты іс-қызметтің даму келешегін көреміз. Кімде-кім үйде қолөнермен айналысып, слинг тіккісі келсе немесе гүл өсіргісі келсе, ал сондай-ақ үлкен компанияны басқарғысы келсе, көктен тілегені жерден табылады.

Іскер ханымдар үшін кіріс те, табыстың рахатын көру де маңызды. Бала тәрбиесінен қол үзбей, ақша табу бүгінгі заманда керек-ақ. Бұл жағынан бизнес-академия жаңадан бастаған бизнес бикелерге кең өрісті мүмкіндіктер береді. Косметика, шашты әдемілеу, маникюр, педикюр, макияж сияқты сұлулық әлемі әйел бизнесіндегі негізге сала. Әйелдер бұл бизнесте жұмыс  пен сүйіспеншілікті қатар алып жүре алады. 

Әйел бизнесінің тағы бір көшбасшысы – ісмерлік және оның барлық басқа бағыттары. Он саусағынан өнер тамған шебер әйелдер көп, бірақ өзінің әуес әдетін қалайша ақшаға айналдыруды білмейді. Бижутерия, сурет кестелеу, түйреуішпен тоқу, перде тігу сияқты ұзын-сонар мүмкіндіктер бар. Шебер қыздарға өзінің шеберлігін көрсетіп, біраз ақша табуға болады.

Жаңадан іс бастаған бизнесмен бикелер үшін «Бала академиясы» курсы жоспарланған, онда ана мен бала қатар оқытылу жоспарланған. Яғни анасы бизнес-үдерістерді оқып жатса, баласы басқадай пайдалы дағдыларды сіңіреді. Мысалы,  әдепке баулу.  

Бизнес-академияның қолында жұмыс берушілердің дерекқоры бар болуы да жаңа жобаны жүзеге асырудың бір жағы болып табылады.  

Көбіне әйелдің өзі қиын ахуалдан дара шығатын жол табады. Әйелдерге арналған ғажап идеялар – табысты бастауға жол ашатын бұлақ көзі. Ең бастысы, өзіңе өзің сен,  сонда нәтиже де болады! 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер