«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ас үйдің ханшайымы

2016 жылғы 23 Маусым
- Павлодар облысы
14021 просмотров

Тағам дайындау өнеріндегі ең үздіктерді анықтау мақсатымен Жамбыл облысының Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аспаздардың республикалық конкурсы өтті

Конкурс аспаз кәсібін насихаттау және қазақстандық аспаздардың беделін нығайту, сондай-ақ ұмытыла бастаған ұлттық тағамдарды әзірлеу өнерін қайта жаңғырту мақсатымен өткізілді.

Конкурcқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен аспаздар ағылды. Ондаған ас үй генералдары ең үздік орын үшін таласты.

Павлодар облысының намысын «Сұлтан» мейрамханасының бас аспазы Людмила Соколова қорғады, оның қоғамдық тамақтандыру саласында бай тәжірибесі бар.

Қазақстанда көп жылдардан бері тұратын Людмила Николаевна өз бойына қазақ халқының рухын сіңірген, бұл оның конкурстық тапсырмаларын тағам дайындау процесінде жанын салып, асқан шеберлікпен орындауына көмектесті.

Ертіс бойынан келген ас үй ханшайымы қатал қазылар алқасының алдында өз шеберлігін көрсетіп, ол «Ұмытылған ұлттық тағамдар» аталымында ІІ орынды иеленді.

Людмила Соколова Өңірлік кәсіпкерлер палатасына конкурсқа қатысуға  қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.

Соңғы жылдары аспаз мамандығы едәуір жасарғанын айта кеткен жөн, және де кулинарлық шедеврлер әзірлеу өнерін ер адамдар да үйренуге көбірек ұмтылуда.

Сервис және тағам колледжінде оқытудың дуальдық жүйесі бойынша «аспаз» мамандығын 168 бала меңгеріп жатыр.

Конкурс осы мамандықты оқып жатқан жастардың өте маңызды кәсіпті таңдағандарын көрсетіп берді. Әрбір адам өз ісінің шебері болуы және шеберлігін үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер