«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңаша іс жүргізуге үйреніңіз

2016 жылғы 17 Маусым
- Павлодар облысы
12318 просмотров

Шетелдік кәсіпорындардан тағылымдамадан өту мен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату бизнесмендер үшін болашақта жеке ісін табысты ілгерілетуге сеп болмақ

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бағдат Телебай мәлім еткендей, биыл Павлодар облысынан үш кәсіпкер Германияда тағылымдамадан өтіп келген.

Бұл сапарға «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және жандандыру бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Іскерлік байланыстар» құралы жол ашып берді. Оған экономиканың басым бағыттарында жұмыс атқарып жатқан шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады.

«Павлодардық бизнесмендер сапардың нәтижелігін атап өтуде, бағдарлама өте жақсы жасалған, ақпарат алмасу мүмкіндігі бар, екі жақты байланыстар жолға қойылған. Құрал-жабдық жеткізуге ниеттіміз. Одан бөлек, германиялық әріптестердің адами капиталды дамытуда және дуальды оқытуда зор тәжірибелері бар», – дейді Бағдат Телебай.

«Іскерлік байланыстар» жобасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең Қазақстанның аумағында іске асырылады. Онда бизнес-жоспар құру бойынша оқыту, кәсіпкерлікті, сыртқы экономикалық қызметті, байланыстар орнату бойынша онлайн-кеңес беру қарастырылған.

Екінші кезең шетелде жүзеге асады. Бір айдың ішінде кәсіпкерлеріміз екі жақты байланыстарды жолға қойып, бизнес-процестерді зерттейді, қандай да бір саланы көріп қайтады.

Оқытудан бөлек, бағдарламада өнімді экспорттау бойынша әріптестік қарым-қатынас орнату қарастырылған. Бағдарламаның бастапқы 1-кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстар орнату жолдары оқытылады.

Айта кетерлігі, бұл бағдарламаны толығымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Германияның Үкіметі қаржыландырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер