«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астанада Іскер әйелдер кеңесінің екінші Конгресі өтуде

2016 жылғы 01 Маусым
15131 просмотров

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің «Қазақстан – жаңа мүмкіндіктер» атты екінші Конгресі өз жұмысын бастады

Форум жұмысын «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова ашып, кәсіпкерлікті дамытудағы әйелдердің рөліне тоқталып өтті.

Конгреске Қазақстанның барлық өңіріндегі ҰКП жанынан құрылған 16 Өңірлік іскер әйелдер кеңесінен өкілдер қатысуда.

Дәстүрге сай Конгресте өңірлік іскер әйелдер кеңестерінің жұмыстары қорытындыланып, келешектің мақсаты мен міндеттері айқындалады. Одан бөлек, түске дейін бизнес-ханымдар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелеріне және тиімді команда құрудағы қосымша оқытудың рөліне қатысты оқыту семинарларына қатысады.

Оқыту бөлімінде алғашқы болып сөз алғандардың бірі «Атамекен» ҰКП төралқа мүшесі, «Centras Capital» ЖШС бас директоры Елдар Әбдіразақов болды. Ол «Жаңа бастама – «Professionalize Kazakhstan» жазғы бағдарламасы қосымша оқыту ретінде және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол бүгінгі таңда қазақстандық бизнес үшін басты міндеттің – қызметкерлердің жұмысқа деген сылбыр қатынасын өзгерту екенін атап өтті. Өйткені, әлемдік тенденциялар бәсекелестік деген – адамдардың адамдарға қарсы, бір мәдениеттің екінші мәдениетке қарсы күресі екенін көрсетіп отыр. Жұмысшылардың құзыретін дамыту алға шығуда, ал капитал мен өзге факторлар екінші кезекте.

Оңтүстік Қазақстан облысы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Asyl Arman» ЖШС директоры Алма Архабаева әріптестеріне онлайн-бизнесті дамыту жөнінде ойға түйгендерін айтып берді.

Күні бойы бизнес-ханымдар сыртқы экономикалық жағдайдағы, сондай-ақ, инновацияларды енгізу мен жандандырудағы әйелдер кәсіпкерлігінің рөлі мен оны жүргізу тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ, басқару менеджменті саласындағы көрген-білгендерін баян етеді.

Екінші Конгерсс «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында «Баядерка» балетін тамашалаумен тәмамдалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер