«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкердің идеясына мемлекеттен көмек

2016 жылғы 30 Мамыр
- Павлодар облысы
13299 просмотров

Өңірлік кеңес отырысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) аясындағы бизнес жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды

Кәсіпкерлер палатасы алаңында бұған дейін де Павлодар облысындағы МЖС даму қарқынын талқылау мақсатында бірқатар дөңгелек үстелдер өткен болатын. Нәтижесінде бірнеше бизнес-бастама пайда болған.

Өңірлік палата директоры Серік Байсейітовтың айтуынша, МЖС идеясы бизнесмендер тарапынан қолдау тапқан. Мәселен, «Екібастұз Транс Реелто» ЖШС құрамында сынап бар қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысатын облыстағы жалғыз маманданған кәсіпорын.

Өңірлік кеңес төрайымы Райхангүл Сәтпаеваның пікірінше, өзге облыстар тәжірибесін зерттеп, жобаны Павлодар облысында іске қосу қажет.

«RED ZONE» қоғамдық бірлестігі ұсынған тағы бір бизнес-идея Еуропа үлгісінде Павлодардағы табиғи демалыс орындарын қолға алуды көздейді. Жоба сәтті іске қосылса, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту, нақтырақ айтсақ, су қоймалары мен жағалауларды ластанудан тазарту мүмкіндігі туады.

Ал «Кузнецов» ЖК Павлодар қаласының мақтанышына айналар жас әрі дарынды суретшілерге арналған картина галереясын ашуды жоспарлап отыр. Ал болашақта галерея мәдениет пен өнер орталығына айналуы тиіс. «Негізгі міндет – көбінесе көрме алаңдарын табуда қиындықтармен бетпе-бет кездесетін ісін енді бастаушы суретшілерге қолдау көрсету», – деген пікірде кәсіпкер. ӨКП басшысы палата бұл жобаны қолдап, қол ұшын созады деп сендірді. ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары Жанар Баспақова бизнесмендерге тапсырыстардың болмауы себепті бос тұрған алаңдар, ғимараттар, құрылыс орындары мен жабдықтарды пайдалануды ұсынды. Осыған байланысты, Өңірлік кеңес өңірлік палатаға бизнес-жобаларды орналастыру үшін ғимараттар мен жабдықтардың толық тізімін жібермек.

«Данель» медициналық мекемесі мен Екібастұзда жекеменшік балабақша салуды көздейтін «Күзембаева» ЖК, «Искакова» клиникасы мен «Черноярская жемчужина» ЖШС, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар тобына арналған пансионат та өз ұсыныстарын айтты.

Қаралған жобаларды есепке ала отырып, Өңірлік кеңес салалық басқармаларға тапсырмалар берді.

«Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік күн сайын танымалдылыққа ие болуда. Егер бизнес тарапынан бастама болатын болса, оған жан-жақты көрсетіп, жобаны аяқтауға көмек беру қажет», – деді Өңірлік кеңес басшысы Райхангүл Сатабаева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер