«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сапаға қай мердігер жауапты?

2016 жылғы 16 Мамыр
12578 просмотров

Қаржылық бақылау инспекциясы Астана қаласы Құрылыс басқармасының әрекеттерінен бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады

2016 жылдың ақпан айында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында «Инженерлік-сервистік компания» ЖШС ісі қаралған еді. Компания сонау 2009 жылы Астана қаласы Құрылыс басқармасымен сол кезде құрылысы әлі аяқталмаған «Оңтүстік-Шығыс» ТК мердігерлік жұмыстары жөнінде шарт жасасқан. Анықталғандай, олардан бұрынғы мердігерлер құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз орындағандықтан, салмақ түсетін конструкцияны күшейту қажеттігі туындаған. Нәтижесінде, компания мен құрылыс басқармасы арасында шарт бойынша жұмыс ақысын арттыру мен нысанды тапсыру мерзімін 2016 жылдың қыркүйек айына дейін созу туралы қосымша келісімдер жасалған. Серіктестік өз қаражаты мен тартылған қаржылай қаражат есебінен конструкцияны күшейту бойынша шарт талаптарында қарастырылмаған жұмыстарды қоса атқарған.

Алайда, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жоспардан тыс тексеріс жүргізуінен кейін, Құрылыс басқармасының тапсырысымен салмақ түсетін конструкцияны күшейтудің жаңа жобасы әзірленген. Яғни басқарма осы жұмыстарды жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік сатып алу туралы конкурс жариялаған.

Ұлттық палатаның кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі департаменті осы жағдайға қатысты пікір білдіре келе, Астана қаласы Құрылыс басқармасының әрекеттерінен қолданыстағы заңнаманы бұзу белгілері қарастырылып жатқандығын атап өтті. Конструкцияны күшейту тұрғын-үй кешені құрылысы жөнінде түзілген жобаның негізгі бөлігі, сондықтан, бұл мәселе жобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізу арқылы қолданыстағы жобада қарастырылуы қажет және оны қолданыстағы мердігерлік шартқа сәйкесінше өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, негізгі бас мердігер, яғни «Инженерлік-сервистік компания» ЖШС атқаруы тиіс.

Сонымен қатар, конкурс нәтижесі бойынша бір нысанда екі бас мердігердің жұмыс істейтінін жоққа шығаруға болмайды. Бұл нысанды меншіктенуші ретіндеге серіктестіктің құқықтарына шектеу қояды.

«Инженерлік-сервистік компания» ЖШС басшылығы әкімдіктегі лауазымды тұлғалардың әрекеттері салдарынан компанияның бірқатар мүліктік шығынға ұшырағандығын мәлімдеді.

Осыған байланысты «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мен Астана қаласының прокуратурасына Астана қаласы Құрылыс басқармасының мемлекеттік сатып алуды өткізу барысындағы әрекеттерінің заңдылығын тексеру туралы өтінішпен үндеу жолдады.

ҰКП-ның үндеуі негізінде елордалық қаржылық бақылау инспекциясы бюджет қаражатын тиімді жұмсау мен мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнаманың сақталу мәселесіне қатысты тақырыптық бақылау ұйымдастырды.

Қаржылық бақылаушылар анықтағандай, Астана қаласының құрылыс басқармасы бастапқы мердігер «Агат-7» ЖШС-ның атқарған құрылыс жұмыстары бойынша жалпы сомасы 450 миллин теңге болатын жалған есеп берумен айналысқан. Сондай-ақ басқарма осы күнге дейін «Агат-7» ЖШС-дан құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізу салдырынан мемлекетке келген 350 миллион теңге мөлшеріндегі шығынды өндіріп алмаған.

Осылайша, бастапқы мердігер «Агат-7» ЖШС жалпы сомасы 800 миллион теңге мөлшерінде мемлекетке шығын келтірген. Мұның салдары «Инженерелік-сервистік компания» ЖШС-мен жасалған шарт сомасын азайтуға әкеп соққан. Бұл мердігерді қиын жағдайға қалдырды. Өйткені соңғысы жобада қарастырылған барлық жұмысты атқарып, нысанды өткізе алмаған болар еді.

Соған қарамастан, құрылыс басқармасы нысан бойынша жаңа жобаны мақұлдап, жалпы сомасы 798 миллион теңгеге салмақ түсетін конструкцияны күшейту жұмыстарын сатып алу туралы конкурс өткізіп қойған. Бұл сома «Инженерлік-сервистік компания» ЖШС-мен жасасқан шарттағы азайтылған қаражатқа тең.

Қаржы инспекциясының пікірінше, басқарма шығынның жартысын жаңа іспетті нысанға көшірмек болған. Бұл құрылысы 2007 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан нысанды кезекті қымбаттату.

Одан бөлек, ҰКП құқықтық қорғау департаментінің құрылыс басқармасы жариялаған  конкурс нәтижесі жөніндегі нысанда екі бірдей бас мердігер жұмыс жасайтындығы туралы жорамалдары да дәлелденді. Оған қоса, еш жерде нысанды өткізу мен жұмыстың сапасы үшін жауапкершілік қайсысына жүктелетіндігі туралы бекітілмеген.

Қаржылық бақылау инспекциясының тексеріс нәтижелері бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Бас прокуратурасы мен Астана қаласының прокуратурасына елордалық құрылыс басқармасына қатысты процессуалдық шешім қабылдау жөнінде үндеу жолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер