«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Студенттер құс шаруашылығын өркендетуге дайын

2016 жылғы 16 Мамыр
- Павлодар облысы
15504 просмотров

Павлодарда бизнес-кейстерді шешу бойынша республикалық «Кемел кәсіпкер» чемпионатының финалы өтті

Шараға ұйытқы болған «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Almaty Management University мен «SANA Eurasia» қоғамдық қоры (С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қолдауымен).

Байқау финалына Астана, Алматы, Шымкент және Павлодар командалары қатысты.

Бизнес-кейс дегеніміз – жеке ісі туралы армандайтын жоғары сынып оқушылары, студенттер мен 30 жасқа дейінгі жастар қатыса алатын іскерлік ойын.

Қатысушыларға қандай да бір кәсіпорында орын алған проблемалық жағдай беріледі, өз кезегінде олар алған білімдерін, аналитакалық және шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып проблеманы шешудің тиімді жолдарын ұсынулары қажет.

Финалда командалар Қазақстандағы құс фабрикаларының біріндегі шынайы жағдайдың тиімділігін арттыруға талпынды. Әр команда әділ қазылар төрелігіне жобаның жеке таныстырылымын ұсынды. Ал, қазылар алғасы болса, қарапайым ғана білікті мамандардан ғана емес, ұсынылған жобаларды қарымына қарай бағалай білетін адамдардан жасақталған. Оның құрамына Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі, «Строительный центр Домострой» ЖШС-ның директоры Серік Мұқышев, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының стипендиаттарының қауымдастығының атқарушы директорының міндетін атқарушы Азамат Божақов, «SANA Eurasia» қорының төрағасы Нұрлан Досыманов, «Атамекен» ҰКП адами капиталды дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев сынды кәсіпкерлер енген.

Командаларға бизнес нысаны ретінде табысты әрі тұрақты кәсіпорын Өскемен құс фабрикасы ұсынылды. Дей тұрғанмен, студенттер ұсынылған даму стратегиясының мүмкін боларлық кемшіліктерін анықтап, өндіріс көлемін арттыру мен фабриканың нарықтағы бәсекеге қабілеттігін күшейтудің барлық мүмкін тәсілдерін тауып, сатылым көлемін арттырулары қажет болды. Командалар бұл үдеден шыға білді. Олар ұсынған жобалар қатал қазылардың сынынан өтті. Болашақ кәсіпкерлер құс мамығын қандай да жолмен сатады, кәдеге жарату қиынға соғатын құстың саңғырығын не істеуге болады деген сынды қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға студенттер тосылып қалған жоқ. Мамықты жастық өндірісінде қолдануға болса, құстың қиын тыңайтқыш ретінде пайдаға асыруға болатындығын алға тартты. Өйткені кез келген ауышаруашылық өңірінде бағбандар арасында мұндай тыңайтқыштар айтарлықтай сұранысқа ие.

Қазылар алқасына жүзден жүйрікті анықтау оңай болмаған сыңайлы. Дегенмен, жеңімпаз анықталды. Бірінші орынды ҚазМЗУ-дің «Элит» командасы жеңіп алса, екінші орын Almaty Management University командасына бұйырды. Ал, ПМУ-дің «Достар» командасы «Ең жасампаз команда» атағына ие болды. «Жеңіске деген талпынысы үшін» сыйлығы ОҚМУ студенттеріне берілді.

Жобаның авторы әрі бастамашысы Диас Қожатаевтың айтуынша, командаларды бағалау барысында идеяның сонылығына, өзектілігіне және жүзеге асыру мүмкіндігіне басымдық берілген. Демек, студенттер ұсынған кәсіпорында жандандыруға қатысты ұсыныстарды құс фабрикаларының бірі пайдаға асырса болады. Тіпті бұл ұсыныстарды жас кәсіпкерлер немесе конкурсқа қатысушылардың өздері кейінірек жүзеге асырулары да мүмкін. Одан бөлек қазылар баяндаудағы ақпараттылық пен қатысушалырдың командада жұмыс істеу қабілеттеріне де баға берді. Мұндай ойындар аналитикалық қабілет пен көшбасшылық қасиетті ұштауға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе конкурсқа қатысушының әрқайсысына да үлкен өмірге аяқ басқан сәтте кәдеге жарары бек мүмкін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер