«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ең үздік орталық анықталды

2016 жылғы 12 Мамыр
- Павлодар облысы
10784 просмотров

Павлодар өңірлік Кәсіпкерлер палатасында «Үздік кәсіпкерлікті қолдау орталығы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Өткен жылдан бері Палата филиалдарының базасында құрылған облыстың аудандары мен моноқалаларында 12 кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс істеуде. Кәсіби білімді дамыту, бастамалар мен іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында әр тоқсан сайын Кәсіпкерлер палатасы КҚО арасында байқау өткізіп тұрады.

Орталықтардың қызметтерін комиссия бизнестің қаржылық емес қолдау көрсету құралдарын пайдалану, рұқсатнама құжаттарын алу бойынша жобаны сүйемелдеу, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар елді КҚО-ға тарту және оларға бизнес ашуға кеңес беру қызметтерін көрсету, құжаттар дайындауға көмектесу жұмыстары бойынша бағалайды.

Байқау көшбасшылары КҚО-ның жоспарлы жұмыс көрсеткішінің жоғары нәтижелеріне қарай анықталды. Қызмет нәтижесі бойынша комиссия тоқсан сайын ұпай қойып келді. Нәтижесінде, Өспен, Шарбақты, Қашыр, Лебяжі аудандарынының филиалдары мен Екібастұз қаласының филиалы жоғары бағаға қол жеткізді. Облыстағы көрсеткіші ең жоғары Кәсіпкерлікті қолдау орталағы ретінде Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Ертіс аудандық филиалы танылып, ауыспалы кубоктің иегері атанды.

2016 жылдың 1 тоқсанынан бері Палатаның Ертіс ауданындағы филиалында 374 кеңес беру өтікізіліп, 169-дан астам шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетілген. Оң нәтиже берген 192 жоба сүйемелденген. Палата филиалында жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, халық пен кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, шеберлік-кластары мен бизнестің мемлекеттік қолдау құралдары жөнінде кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер