«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ӨКП-ны Серік Байсейітов басқарады

2016 жылғы 11 Сәуір
- Павлодар облысы
19277 просмотров

Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасына жаңа директор тағайындалды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен және Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің келісімімен, Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасына директор болып Серік Басарұлы Байсейітов тағайындалды. 

Серік Байсейітов 1974 жылы Павлодар облысында туған. Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау» мамандығы  (1996 ж.), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша (1999 ж.) бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Екібастұз электр станциясында (ГРЭС-1) электр цехы шеберінің көмекшісі болып бастады. 1997 жылдан бері бірқатар мемлекеттік органдарда маңызды қызметтер атқарды: 1997-2008 жж. – Павлодар  қаласының қаржы органдарында бас маманнан басшыға дейін, 2008 жылдың мамыр айынан – Павлодар  облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары, 2008 жылдың желтоқсанынан – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, 2011 жылдың наурыз айынан – Павлодар облысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы, 2011 жылдың қыркүйек айынан – облыстық тексеру комиссиясының төрағасы, 2014 жылдың шілде-желтоқсан айларында – Павлодар облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары. ӨКП директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары қызметін атқарған.

Үйленген, үш баласы бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер