«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Монополистерді тоқтатар күш бар ма?

2016 жылғы 09 Сәуір
- Қарағанды облысы
13209 просмотров

Қарағанды облысы табиғи монополиялар субъектілері заңды белден басып отыр

Қарағанды Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәдениет Божбановтың Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы барысындағы мәлімдемесі бойынша, көп жағдайда облыс коммуналды шаруашылық қызметкерлері «Табиғи монополиялар туралы» заңның қуаттылық жөнінде толық ақпарат беру туралы талаптарын сақтамайды.  

Былтыр «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енген болатын. Мәселен, заңда табиғи монополиялар субъектілері өз интернет-ресурсында бос және қолжетімді қуаттылықтың бар-жоғы, сыйымдылығы, орындары, реттелетін коммуналды желілер қызметтерінің  өткізгіштік қабілеттері (тауарлар, жұмыстар), сондай-ақ инженерлік коммуникациялар сызбалары секілді ақпараттарды орналастыруға міндеттейтін талап бар.

«Ақпарат маусым сайын жаңарып отыруы керек. Алайда, көріп отырғанымыздай, кейбірінде сайт та жоқ. Дегенмен де бұл монополистерге тарифтерді қымбаттатуға кедергі болып отырған жоқ. Сондай-ақ, қызмет туралы есептер, тарифтер бойынша тыңдалымдар да заңның өрескел бұзылуымен өтеді», – деп хабарлады өңірлік Палата басшысы.

2015 жылдың екінші жартысынан бастап ӨКП-ға монополистерге қатысты көптеген шағымдар келіп түскен, жекелей алғанда Саран, Абай, Жезқазған қалалары мен Қарқаралы және Шет аудандарының бизнесмендері наразылық танытқан.

Сарапшылар көптеген қызмет көрсетушілер қызметінде жариялылық жоқ екенін анықтап отыр. Сонымен бірге монополистердің сатып алуларын ешкім бақыламайды.

М.Божбановтың пікірінше, тендер процедураларын, сонымен бірге жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуларын NADLOC арқылы іске асыру қажет.

«Біз монополияға қарсы органмен келісімге отырдық, ол бойынша оларды заңнама талаптарын орындау деңгейін тексеретін боламыз», – деді өңірлік палата директоры.

М.Божбановтың айтуынша, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитет департаментімен бірлесе жұмыс жасау айтарлықтай оң нәтижесін беруде, мысалы 17 наурыз күні Абай қаласындағы жаңа қызмет көрсетушінің жылу құнын үш есеге дейін өсірген заңсыз тарифтер алынып тасталған.  Қарағанды облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өтті. Отырыс қатысушылары талқыға салған басты мәселелер жер проблемалары, коммуналдық қызметтер тарифтері, мемлекеттік сатып алулар, қаржыландыруға қолжетімділік және АӨК проблемаларына қатысты болды. Бүгінде Қарағанды облысында коммуналдық қызметтер көрсететін 126 компания барын айта кету керек. Ал олардың 9-да ғана сайты бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер