«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Екібастұзда бизнес-ханым қызғалдақ өсіруді қолға алды

2016 жылғы 14 Наурыз
- Павлодар облысы
13937 просмотров

Бизнес-ханым үйінде қызғалдақ өсіріп, өзінің еміне қаражат жинауда

Екібастұздың тұрғыны Марина Ыбраева алты жылдан бері жасанды бүйрек аппаратының қызметіне сүйенеді. Басынан өткерген қиындықтарға қарамастан, бар күшін жиып, өз ісін ашу үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы грант ұтып алды. «Гүл өсірумен бұрыннан айналысамын. Басында бұл жай ғана қызығушылық болатын. Кейін құмырадағы бөлме гүлдерін сатудан ақша түсе бастады. Сондықтан грант алуға болатынын біліп, өтініш білдірдім», – дейді кәсіпкер.

Марина Ыбраева – облыстық Кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған бизнес-мектеп түлектерінің бірі. Алған білімі мен үйренген машықтарының арқасында «Голландық технология бойынша 5000 қызғалдақ» бизнес-жобасын қорғап, қаржылық көмекке ие болды. «Самаурын» және «Матрешка» сорттарының алғашқы қызыл және сары гүлдерін ақпан айында ектім. Қысты күні, әдетте қыркүйек айында сатылатын қызғалдақтардың жуашықтарын іздеуіме тура келді. Кәсіби гүл өсірушілердің барлығы маған күлді. Қаражатты өткен жылдың қараша айының соңында алдым, сол уақыттан бастап жуашықтар іздей бастадым. Соңында іздегенімді Павлодардан, бағбандарға арналған қарапайым дүкеннен таптым», – деп сөзін жалғады Марина. Ол алғашқы гүлдерді қыркүйек айында алуды көздеп отыр. Оларды 300 теңгеден сатуды да жоспарлап қойыпты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер