«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мақсат қою және оған жету

2016 жылғы 13 Қаңтар
- Павлодар облысы
15856 просмотров

Щербақты ауданы Ботабас ауылының тұрғыны Қымбат Аухадиева шаруа қожалығын ашты

Қымбат өткен жылдың жазында басқа да тыңдаушылар қатарында «Бизнестің жол картасы‑2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Бизнес‑кеңесші» жобасы бойынша оқудан өтті. Қымбат Аухадиеваның сөзінше, ол бизнес жүргізу құпиясын Кәсіпкерлер палатасының бизнес‑курстарында жүріп үйренген екен. Кәсіпкер көп жылдар бойы жеке іс ашуды жоспарлаған екен, бірақ неден бастарын білмейді.

«Жеке шаруа қожалығын тәлімгері, Кәсіпкерлер палатасының бизнес‑тренері Ақмарал Сайтқұлованың арқасында ашты. Егер қандай да бір қиындықтар туындап жатса, Ақмарал Әмірғалиқызына әлі де қоңырау шалып қоямын. Ол қашан да көмек беруге дайын, қажет кеңес береді, жаңа іске күш береді», - дейді Қымбат.

Кәсіпкер оқудан өткеннен кейін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 3 миллион теңге мөлшерінде кредит алды. Мал басының сапасын жақсарту мақсатында 400 000 теңгеге асыл тұқымды бұқа мен 16 сиыр сатып алады. Сонымен қатар жануарларға арнап азық‑түлік сатып алды. «Сүтті Щербақты сүт зауыты бір литрін 50 теңгеден сатып алады. Сиырдан күніне 9 литр сүт алуды жоспарлап жүрмін, бұл жылына 1620 литрді құрайды, - дейді Қымбат.

Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Ақмарал Сайтқұлованың айтуынша, Қымбат Аухадиева бизнес‑курстар сабақтарында‑ақ кәсіпкерге жұмысында қажет болатын сапаларды көрсете алған екен. Бұл мақсатқа бағыттылық, қиындықтарды жеңе алу білігі, ресусртарды дұрыс бөлу, жоспарлау, адамдар арасында қарым‑қатынас құра білу. Кәсіпкер мақсат қойып, оған жете білуге тиіс. «Қымбат осындай мінез сипатына ие», - дейді Ақмарал Сайтқұлова.

ӨКП бизнес‑тренерлері «Бизнес‑мектеп» бағдарламасының құрамдастарын жүзеге асыру нәтижесінде 825 тыңдаушыны оқытып шықты. 36 кәсіпкер курстан өткеннен кейін жеке бизнестерін кеңейтіп, шамамен 40 тыңдаушы жеке істерін бастаған. Жобалар бюджет және жеке қаражатты тарту есебінен жүзеге асырылды (грант, микрокредиттер және қаржы институттарының бағдарламалары).

2016 жылы «Бизнес‑мектепте» ісін бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлерді оқыту жалғасын табады. «Бизнес‑кеңесші» бағдарламасы бойынша оқығысы келетін барлық тілек білдірушілер Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында жазылуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер