«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес пен билік арасындағы аралық аймақ

2015 жылғы 18 Желтоқсан
- Ақмола облысы
8520 просмотров

Есептік кездесу: өңірлік бизнес-қоғамдастық үшін ноу-хау

300-ден астам қатысушы, пікірталас, сұрақ-жауап. Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы дирекциясының есептік кездесуін өткізу форматы, өңірдегі бизнес-қоғамдастық өкілдерінің пікірінше, олар үшін өзінше бір ноу-хау болды.

Бизнесмендердің айтуынша, бұл көкейлерінде жүрген сауалдары мен ұсыныстарын тікелей жеткізуге мүмкіндік берген. Атап айтсақ, Сандықтау ауданындағы «Сандықтау» ЖШС директоры Жамұл Мұсханов ӨКП басшылығынан барлық ауыл шаруашылық өндірушілерді толғандырып жүрген жаңа жылдағы субсидияның бөліну тетігіне қатысты сауал тастады. 

«Мұндай алаң жалықтырған адами факторға жол бермеуге мүмкіндік береді әрі мұнда өзекті сауалды ашық қоюға болады. Атап айтқанда, қаражатты ынталандырмайтын субсидиялар мен мемлекеттік шығындардан мемлекеттік қолдаудың біршама тиімдірек түрелеріне бұру ұсынылып отырғаны белгілі болды: терең қайта өңдеу үшін өнімдерді өндіруге ауыл шаруашылық өнімін сатып алуға кететін қайта өңдеу кәсіпорындары шығындарын субсидиялау; ауылшаруашылық тауар өндірушілерге тыңайтқыштар мен пестицидтер құнын арзандатуы; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту; инвестициялық субсидия; өсімдік шаруашылығы аясындағы субсидиялау және т.б. аталмыш іс-шараларды жүзеге асыруда өңірлік палатаның да үлесі бар», - деп ойымен бөлісті фермер. 

«Мұндай кездесулер қажет екені сөзсіз. Өңірлік палата бизнес пен билік арасындағы аралық аймаққа айнала отырып, өзін таптырмас жолбасшы, кәсіпкерлерге көмекші ретінде көрсете алды. Кез-келген іс шала жасалмауға тиіс, сондықтан да біз, бизнес-қоғамдастық, аңысын аңдып, кері тартып отырып алмай, өзекті мәселелерді шешуге белсене ат салысуымыз қажет», - деп Ақмола облысы Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Марат Жұмабеков жаңа сұхбат алаңының тиімділігін сипаттап өтті. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер