«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жастық және шығармашылдық

2015 жылғы 18 Желтоқсан
- Павлодар облысы
12968 просмотров

Павлодарда әлеуметтік жауапты жас кәсіпкерлер марапатталды

Кәсіпкерлер палатасы мен «NOMAD» жастар қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жас кәсіпкерлердің «Болашаққа ұмтылған көзқарас» форумы өтті.    

«Байқау комиссиясы жеңімпаздарды іріктеу кезінде  үстіміздегі жылы ең көп жетістікке жеткен жас кәсіпкерлердің жобаларына назар аударды. Біздің міндет – ең дарынды, келешегі бар жастарды бизнес жүргізу саласындағы заманауи мәселелерге тарту. Олардың жетістік тарихы жастарға үлгі бола алады», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бақытжан Ілиясова.  

Сараптау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша «Үздік жас кәсіпкер – іскер Lady» номинациясында шыныны қайта өңдеумен және бұйым өндірумен айналысатын "ALAU Pavlodar" ЖШС басшысы Бақтыгүл Қасымова марапатталды. Бизнестің басымдылығы жобаның экологиялылығы ғана емес, шыныдан бірегей бұйымдар жасау болып табылады.

«Тамақ индустриясындағы үздік жас кәсіпкер» номинациясында "FoodGo" ЖШС тамаққа тапсырыс берудің бірыңғай жүйесін құрған Ержан Алинов марапатталды. "FoodGo" жүйесі қызметкер іздеу, клиенттер іздеу, өнімдер, ыдыс және т.б. сатып алу процестерін автоматтандырады.

Құрылыс саласында "ZUVER" ЖШС басшысы Арнұр Нұрғалиев үздік деп танылды. Компания құрылыс, металлургия, машина жасау саласында заманауи материалдар енгізуге маманданған.

Қазылар алқасы сонымен қатар "Fast and Shine PV" ЖШС басшысы Дархан Мүшетовтың стартап жобасына жоғары баға берді. Ол Павлодарда машина тұратын орындардағы алғашқы полимерлі мобильдік автожуу орнын ашты.

Экология саласындағы үздік жас кәсіпкер - Антон Чашин. Оның иелігіндегі "ЛандшафтДизайн Павлодар" ЖШС туған қаласын абаттандырумен және көгалдандырумен айналысады. Фирма өңір үшін жаңа технологияларды енгізеді: ауаның оттекпен қанығуын арттыратын көгалды машина тұратын орындар.

Өндіріс саласындағы үздік жас кәсіпкер болып «Өнеркәсіптік жүйелер» ЖШС басшысы Руслан Рафиков атанды. Компания өнеркәсіптік кәсіпорындарды кешенді жабдықтаумен айналысады.

Облыстағы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Қуаныш Досмағұлов форум аясында «Кәсіпкерлік: аңыз және ақиқат» тақырыбында тренинг өткізді. «Жаңа заман бизнесте жаңа ұстанымды, бастысы, ойланудың жаңа типін қажет етеді. Қазіргі заманғы кезеңде «бизнесте» емес, «бизнеспен» жұмыс жасау маңызды», - дейді ол.

Қатысушылардың ойынша, форум жас кәсіпкерлер үшін бизнес құру және жүргізу жөніндегі кең көлемді мәселелер бойынша ой алмасу алаңына айналды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер