«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ең толғақты мәселелер шешілуде

2015 жылғы 09 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
11439 просмотров

Өңір кәсіпкерлері ӨКП жұмысына жоғары баға берді

«Жақында Палата директоры Игорь Шацкий үстіміздегі жылдың 10 айында жүргізілген жұмысы жайлы толық та анық ақпарат ұсынып, жергілікті бизнес-қоғамдастық алдында қызметі жайлы есеп берді. Кәсіпкерлер құқығын қорау жөнінде белгілі бір жұмыс жүргізіліп, азаматтардың өтініштері қаралды. Жер қатынастары, салық қатынастары, мемлекеттік сатып алулар, рұқсат ету процедуралары мәселелері бойынша өтініштер жиі келеді екен, - дейді Көкпекті ауданы Миролюбовка ауылы жеке кәсіпкері әрі облыстағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Валентина Гранкина. – Кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілеріне консультативтік көмек көрсетіп, түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады. Облыс бойынша прокуратура жанындағы Кеңес отырысы өткізіліп, онда бизнес субъектілерінің ең толғақты әрі шешілуі қиын мәселелері қаралады».

Кәсіпкер Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес жұмысын да атады. Кеңес отырыстарында бизнестің бірнеше түйткілді мәселелері қаралып, көбісі кәсіпкерлер пайдасына шешілген болатын. ШҚО КП сонымен бірге бизнес құқығын қорғау бойынша кейбір сот отырыстарына қатысты. «Сондай-ақ 46 жергілікті және 81 республикалық әкімшілік кедергінің жойылғанын көріп отырмыз. Мемлекеттік бағдарламаларға нақты талдау беріліп, ШОБ дамытудың 19 картасы бекітілді», - деп жалғады сөзін Валентина Гранкина.

Бизнесвумен «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында негізгі маңызды өзгерістерді таныстыру жөнінде ӨКП жүргізген жұмыс жайлы да айтып өтті. «Ақпарат облыстың көптеген бизнес субъектілеріне жеткізілді. Сонымен қатар тариф белгілеу бойынша талдау жүргізіліп, Палата кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсетеді. Адами капиталды дамыту жұмыстары жүргізіледі. Миролюбов ауылдық округінде орта мектепте кәсіптік бағдар кабинеті ашылды», - деп атады кәсіпкер.

Оның айтуынша, ӨКП директоры Игорь Шацкий Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен үш рет келіп кеткен. Шалғай ауыл кәсіпкерлерімен кездесіп, онда кәсікерлерді толғандырған мәселелер көтерілді. ШҚО КП директорының жәрдемімен және тікелей қатысуымен көптеген түйткілдер шешілді.

«Бизнесмендерге әрдайым көмекке келетін Кәсіпкерлер палатасының бар болғанына өте қуаныштымын. Жеке өз басым үшін құқық орнату құжаттарын ресімдеу бойынша жәрдем көрсетілді. Палата ұсынған «100 жоба» арасынан «Тұрмыстық қызметтер үйі» жобасын таңдадым. Бұйымдар өткізуде жәрдем көрсетіліп, аудан мектептеріне мектеп киімін тігу бойынша шарттар жасалды. Мемлекеттік сатып алуларға қатысу бойынша консультация берілді. ШҚО КП жұмысына жоғары баға беремін», - деп қорытты Валентина Гранкина. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер