«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес-кеңесшінің» «түлегі» дүкен ашты

2015 жылғы 09 Қараша
- Павлодар облысы
14708 просмотров

Оқыту курстары ауылдықтарға жеке іс ашуға көмектесуде

Шербақты ауылының тұрғыны Вячеслав Хуртов үстіміздегі жылдың маусым айында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған екі күндік «Бизнес-кеңесші» курсына қатысты.

Вячеслав құжаттарды ресімдеуде көмек сұрап Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жүгініп, ол жерде заңдастырудан өту процедурасы да егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Кәсіпкер болашақта сатылатын тауарларлар сұрыпталымын кеңейтуді жоспарлауда. Осы мақсатта ол  «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» және «Қарыздарды біртіндеп кепілдендіру» құралдарын пайдаланып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қаржы алмақшы. «Палатада «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша білім алғандардың жеке бизнес-жобаны жүзеге асыруға қайтымсыз мемлекеттік грант жеңіп ала алатынын білдім», - деді ісін бастаушы кәсіпкер.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы сервистік қолдау бөлімінің бастығы Наталия Кузяттың айтуынша, «Бизнес-кеңесші» курсын өткізу көптеген жандар үшін жеке іс ашу үшін алғашқы саты болды. Оқыту барысында заңгерлік сауаттылық көтеріледі, маркетинг және бизнес-жоспарлау негіздері беріледі. «Оқыту бағдарламасы тыңдаушылардың кредит алуына және жеке іс ашуына мүмкіндік берді», - деп баса айтты ол.

«Бизнес-кеңесші» - бұл кәсіпкерлік бастамаға ие халықты, сонымен қатар ісін бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлерді бизнес негіздеріне қысқа мерзімдік оқыту екенін еске саламыз. Павлодар облысы бойынша жобаны жүзеге асырған кезде 800-ден астам тыңдаушы оқу оқып, оның ішінде шамамен 300 кәсіпкер жеке іс ашты және 50-ге жуығы жеке бизнесін кеңейтті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер