«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП экономикалық тақырыптарды қозғаған үздік журналистерді марапаттады

2015 жылғы 02 Қараша
13540 просмотров

БАҚ арасындағы «Бизнестің жол картасы-2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы туралы үздік материалға жарияланған республикалық байқаудың қорытындысы шығарылды

Журналистік байқау жеңімпаздарына марапат табыстаудың салтанатты рәсімі 30 қазанда Астана қаласындағы Astana Mall орталығындағы Мультиспейс Коворкингте On Air Party форматында өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ал Ұлттық қоғаммен байланыс жөніндегі қауымдастық байқауды бағалау бойынша серіктес ролін алды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары, байқаудың ұйымдастыру комитетінің төрағасы Нұржан Әлтаев марапаттау салтанатында атап өткендей, байқау жұртшылықтың бизнесті жүргізудің табысты мысалдары жайлы ақпараттануын көтеру, журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу, сонымен қатар БАҚ-ты экономикалық интеграция процестерін қозғауға тарту мақсатында өткізілді.

«Кез-келген елде шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға көп көңіл бөлінетіні белгілі, өйткені аталмыш қызмет салалары елдегі экономикалық жағдайға тікелей әсер етеді. ШОБ – елдегі экономикалық өсімнің драйвері деп айтуға болады. Қазақстанда сонымен қатар елдің шағын және орта кәсіпкерлері тиімді даму, сондай-ақ түрлі тиімді жеңілдіктер мен ұсыныстарды қолдану мүмкіндігіне ие болуына көмектесетін мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар баршылық. Осының бәрі елдің әл-ауқатының өсуіне, жұмыс орындарының көбеюіне, жұмыссыздықтың төмендеуіне және мемлекетке аударылатын салықтың өсуіне алып келеді. Осындай мемлекеттік қолдау шараларының бірі  «Бизнестің жол картасы-2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы болып табылады. Аталмыш байқауды қоғам назарын Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасына аудару, мемлекет дамуындағы кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік ролін ашып көрсету, сондай-ақ Қазақстан жұртшылығының кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары жайлы, кәсіпкерлердің еуразиялық интеграциясы аясында бизнесті жүргізудің табысты мысалдары жайлы ақпараттануын көтеру мақсатында ұйымдастырдық», - деді Нұржан Әлтаев.

Байқауға экономикалық тақырыптарды қозғайтын республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты. Журналистердің жұмыстары объективтілік, материалды берудің кәсіби деңгейі, жаңашылдық, эксклюзивтілік, стиль және баяндау тілі, авторлық тұжырымдаманың дербестігі сияқты критерийлер бойынша іріктелді. Мына номинациялар бойынша 45 үздік еңбек іріктеліп алынды: «Баспа БАҚ-тағы үздік сараптамалық материал»; «Теледидардағы үздік репортаж»; «Интернет-БАҚ-тағы үздік сараптамалық материал»; «Үздік радио-сюжет».

1 орын байқаудың келесі қатысушыларына табысталды:

- Теледидардағы үздік репортаж - Сәния Көпжасарова, «Қазақстан - Көкшетау» телеарнасы;

- Баспа БАҚ-тағы үздік сараптамалық материал - Александр Покатилов, «Огни Мангистау»;

- Үздік радио-сюжет - Астана радиосы, Николай Федотов, Гүлдарай Кемелова, «От и до» бағдарламасы;

- Интернет-БАҚ-тағы үздік сараптамалық материал - Гүлназ Мұқанова, ЛС қаржылық порталы.

2 орын:

- Теледидардағы үздік репортаж - Нұргүль Қазиева, 24 KZ телеарнасы, «Год интеграции»;

- Баспа – БАҚ-тағы үздік сараптамалық материал - Ирина Лис, «Деловой Қазақстан»;

- Үздік радио-сюжет - Астана радиосы, Санат Нұрбаев, Жанар Нұрышева, «Көкжиек» бағдарламасы;

- Интернет-БАҚ-тағы үздік сараптамалық материал - ЛС қаржылық порталы, Әліби Сәруар.

3 орын:

- Теледидардағы үздік репортаж - Жанна Рахимжанова, 31 арна, «Большие риски МСБ: банкротство»;

- Теледидардағы үздік репортаж - Камила Камназарова, Қазақ ТВ, «Сингл Маркет» бағдарламасы;

- Баспа БАҚ-тағы үздік сараптамалық материал - Ольга Фоминских, «Капитал» газеті;

- Интернет-БАҚ-тағы үздік сараптамалық материал - Назгүл Әбжекенова, «Информбюро».

4 орын:

- Теледидардағы үздік репортаж - Галия Идоятова, Астана телеарнасы, «Избранное 20.30» бағдарламасы;

- Интернет-БАҚ-тағы үздік талдамалық материал - Торғын Нұрсейітова, Закон.kz;

- Интернет-БАҚ-тағы үздік сараптамалық материал - Кәукенова Саяжан, Власть.KZ интернет-журналы;

- Баспа-БАҚ-тағы үздік сараптамалық материал - Ақмұрат Дәулетбаев, «Сайыпқыран» газеті.

Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер мен құрмет грамоталары табысталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер