«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жастар ауылдан кетіп қалмасын

2015 жылғы 07 Қазан
- Павлодар облысы
16236 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Ертіс ауданындағы филиалы мектеп оқушылары үшін өндірістік экскурсия ұйымдастырды.

Сөйтіп, жоғары сынып оқушылары шаруа қожалығында болып, онда қожалық басшысы Сайлау Оразбаев шаруашылығының қалыптасу тарихы жайлы айтып берді. Шаруа қожалығының 15 мың гектар жері бар. Онда зәйтүн дақылдары, сұлы, қарабидай өсіріледі. Сонымен қатар жылыжай жұмыс жасайды. Жылыжайда сатуға және қызметкерлерге арналып қияр өсіріледі. Бизнесмендер фермерлік шаруашылықтарын дамытып, онда ірі қара мал өсірумен айналысады.

Соңғы техникамен жабдықталған диірмен кешеніне жасалған экскурсия айтарлықтай қызықты өтті. Оқушылар бидайды ұн етіп тарту процесіне ерекше қызығушылық танытты. Жеткіншектер диірмен комбинатында ұн өндіруден бастап дайын өнім – нанды шығару және оны дүкендерге тасымалдауға дейінгі нан-тоқаш өнімдерін әзірлеу процесін толық тамашалады.

Жастар жоғары технологиялы жабдыққа негізделген өндірістің қалай дамитынын көріп қана қоймай, кәсіпкерлік қызметті дұрыс жүргізудің тиімділігіне көз жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Шаруа қожалығының көрнекі мысалында ұжым қызмет жасаған 15 жылда қол жеткізген табыстар көрсетілді.

Шаруа қожалығының Кәсіпкерлер палатасымен тығыз қарым-қатынас жасайтынын атап өту керек. Кәсіпкерлер қазірде бизнестерін кеңейтуде. Палата сарапшыларының сүймелдеуімен «Ырыс» бағдарламасы бойынша мал сатып алуда. Қонақтардың көңілінен шыққан диірмен жабдығын кәсіпкер «Агрофинанс» АҚ лизингін қаржыландыруы арқылы алынған еді.

ӨКП Ертіс аудандық филиалының директоры Ерлан Жетпісовтың айтуынша, соңғы кездері ауданнан халықтың көптеп кетуі байқалып отыр. Сөйтіп, тек қана 2014 жылы 500-ден астам тұрғын ауылын тастап көшіп кеткен. Жастар жақсы табыс табу жолында кетуде. Шаруашылықтарда жұмыс қолдарының жетіспеушілігі байқалады. «Жастарымыз ауылда тұрып, бизнесті дамытуға болатынын түсінуге тиіс. Оның үстіне мемлекет қазірде бизнеске қолдау көрсетуде: бұл мақсаттық бағдарламалар, субсидиялау», - деп баса көрсетті Ерлан Халелұлы.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай кездесулер оқушылардың біршама кең таралған кәсіптермен танысуына, бірінші кезекте ауылдағы жұмысшы кәсіптермен танысуына, жастардың кәсіпкерлік қызметке деген қызығушылығын арттыруға сеп болады.


Ұқсас жаңалықтар:

«Ақсуаттың» жоспары көп
2 Қыркүйек
2015
Батыс Қазақстан облысы
Майдандасудан – мәмілелесуге
13 Тамыз
2015
Жетісу облысы
Кәсіпкерлерге арналған түрткі
13 Тамыз
2015
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер