«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге арналған 492 норма

2015 жылғы 23 Қыркүйек
8680 просмотров

Кәсіпкерлік кодексінің жобасы Мәжілістен Сенатқа өтті

Бизнес пен мемлекетке арналған ойын ережелері бүгін парламенттің төменгі палатасының ақтық қолдауына ие болып, жоғарғы палатаның қарауына жіберілді. Қорытынды салыстырмалы кестеге 492 заңнамалық норма енгізілді. Оның әрқайсысы жұмыс топтарының отырыстарында талқылаудан өтті, деп атады заң жобасын таныстырған мәжілісмен Азат Перуашев.

«Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласын реттейтін актілердің бір Кодекске шоғырландырылуы және олардың жүйеге келтірілуі жеке кәсіпкерлік саласының дамуына жағдай жасайтынына сенімдіміз», - деп атады депутат.

Қазақстандағы кәсіпкерлер үшін жеке кодекс дайындау қажеттігін талқылау 2008 жылы басталған еді. Үстіміздегі жылдың соңына дейін парламент кодексті жалпы қабылдап, сосын Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі деп жоспарланып отыр.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер