«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Нұрлы жол» халықтың әл-ауқатын барынша көтеруге бағытталған

2015 жылғы 18 Ақпан
- Павлодар облысы
12263 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Нефтехим LTD» ЖШС директоры Ерлан ҚҰСАНОВ ҚХА кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастамасына түсінік бере отырып, осындай ой айтты.

«Елбасының биылғы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауы – мемлекет Басының көрегендігіне әрі стратегиялық ойлау иесі екендігіне тағы бір дәлел болып отыр. Өзіміз куәгер әрі қатысушы болып отырған бүгінгі әлемдік экономикалық және саяси қиындықтарға қарамастан, елімізде біршама тұрақты жағдай қалыптасуда. Сонымен бірге Президентіміз жуық кезеңде жаһандық сынақтар күтіп тұрғанын, оған бүгіннен бастап дайын болу керектігімізді болжап отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасының ықтимал жаһандық қауіптердің шешімі боларына сенімдімін», - деп атайды Ерлан Құсанов.

Оның айтуынша, бағдарламада әлеуметтік саланы қолдауға үлкен роль берілген.

«Шағын, орта және ірі бизнесті қолдау, еліміздің индустриялық инфрақұрылымын қолдау маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Басқаша айтқанда, «Нұрлы жол» халықтың әл-ауқатын барынша көтеруге бағытталған. Маған, бизнес өкілі ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының осы ұстанымы ұнамды, себебі кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау ертеңгі күнімізге деген сенімділік ұялатады», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы.

Ерлан Құсанов сонымен қатар «Нұрлы жолдың» басты идеясы азаматтардың гүлденуі болып отырғаны сөзсіз» екенін баса көрсетті. 

«Осындай күрделі кезеңде барлығымыз үшін халықтың өз болшағын, балаларының болашағын сеніп тапсыратын адам қажет. Әлемдік саяси сахнада бедел мен мінсіз абыройға ие адам. Осындай адамның бізде болғанына шын көңілден қуанамын. Еліміздің Президенті орнына мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастаманы да толығымен қолдаймын. Елінің болашағы бей-жай қалдырмайтын көптеген отандастарымыз мені қолдайды деп ойлаймын. Бейбітшілік пен келісім – халқымыздың басты игілігі емес пе. Егер мақсатқа жетуге ұмтылып, елімізді одан әрі дамытқымыз келсе, қойылған бағытты өзгертудің қажеті жоқ. Біз бүгінгі жетістіктерімізді сақтап қалумен қатар, оны болашақ ұрпақ үшін көбейтуіміз керек. Мен оған өзіміздің Ұлт көшбасшысымен бірге қол жеткізе алатынымызға сенемін», - деп түйіндеді Ерлан Құсанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер