Қайырлы күн! Амал болмаған соң, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгіндік
Менде жеке кәсіпкерлік бар. Білім беру саласында жұмыс істейміз. Карантин салдарынан екі айға жабылдық, демек екі ай бойы менде және қызметкерлерімде табыс болмайды. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек ала алам ба? Оны қайда барып рәсімдеймін? Қаражатты өзіміздің зейнет жинақтарымыздан алуға бола ма? Ахуал күрделі. Түсіністікпен қарайды деп сенемін 20.03.2020, 12:25
Құрметті, Ольга! Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді». Коронавирустың таралуын болдыртпау мақсатында барлық жұмыс берушілерге әлеуметтік жауапкершілік танытып, жұмыскерлерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру бойынша ұсынылады. Ал өндірістік процесті қашықтықтан жасауға мүмкін емес кәсіпорындар өндірісті тоқтатады. ҚР Еңбек кодесінің 112-бабына сәйкес өндірісті тоқтатуды рәсімдеу және жұмыс беруші мен қызметкерге тәуелді емес себептермен тоқтап қалған уақытқа ақы төлеу шарттары еңбек және ұжымдық шарттармен реттеледі және ең төменгі еңбекақы мөлшерінде (42 500 теңге) белгіленеді. Жәрдемақы алу мәселелелрі бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және “Атамекен” ҚР ҰКП-ға хабарласуды сұраймыз.
Айтыңыздаршы, мен қандай әрекет жасауым керек? Алдын ала рахмет, мәселе шешіледі деген ойдамын.
“Атамекен” ҰКП жауабы:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушы болып саналатын орта, шағын және микро бизнестің жұмыскерлеріне қарастырылған. Жұмыс беруші Жұмыспен қамтудың жергілікті органына “Электронды үкімет” веб-порталында “Электронды өтінім” беруі керек. Өтініштер негізінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб жұмыс берушіге әлеуметтік қолдау беру туралы шешім қабылдайды, ал “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлем жүргізетін жұмыскерлер тізімін қалыптастырады.
Құрметті Ольга! 27 наурызға өзекті ақпарат! Біз 1414 нөмірі арқылы электронды үкіметке хабарластық. Анықталғандай, сайтта техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жәрдемақыға онлайн өтінім беру қызметі әлі сайтта пайда болған жоқ. Сайтты 30 наурызда дүйсенбі күні жаңартып көріңіз. Арнайы батырма пайда болған соң өтінішті электронды цифрлық қолтаңба арқылы ондайн беруге болады.
Өтінім беру алгоритмі:
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасын қолданып, egov сайтына кіріңіз. СЕРВИСТЕР бөлімін таңдаңыз.
Бөлімді таңдаңыз. “Қызметке онлайн тапсырыс беру” түймесін басыңыз.
Қызметті тізімнен таңдаңыз. Өтемақыны алу үшін өтініш пен құжатты тіркеп, жүктеңіз.
Өңірлік кеңес
- Өңірлік кеңес мәжілістерінің хаттамалары
- Өңірлік кеңестің мақсаттары мен міндеттері
- Өңірлік кеңес құрамы
Бизнесті қолдау
Бизнесті қорғау
FAQ