«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерді Жаңа жылда қандай өзгерістер күтуде?

2018 жылғы 03 Қаңтар
- Павлодар облысы
1880 просмотров

 Белгілі болғандай, 2018 жылдан бастап жаңа Салық кодексі әрекет ете бастайды

Кәсіпкерлерді қандай жаңалықтар күтіп тұрғандығы жөнінде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова айтып береді.

 - Галина Васильевна, Кәсіпкерлер палатасымен бірнеше рет салықтық заңнаманың шамадан тыс күрделілігі мен оны бизнес пікірін ескерумен қайта қарастыру туралы мәселе көтерілген болатын. ҰКП дауысы естілді. Ұлттық экономика министрлігімен салалық министрліктермен бірге және бизнес қауымдастық пен «Атамекен» палатасымен тығыз өзара әрекеттесітікте жаңа Салықтық кодекс әзірленді. Жаңа құжатты енгізумен бизнес-қауымдастықты не күтіп тұр?

 - Иә, сіз дұрыс айтасыз, 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы салықтық заңнаманы жаңа үлгіде жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне қол қойды.

Кодекс идеологияны өзгертуді, әкімшіліктендіруді ынталандыруды және оңайлатуды енгізуді қарастырады. Идеология енді адал ниетті салық төлеушінің мүдделерін қорғауға бағытталатын болады. Бұл ретте, ынталандырманы экономиканың түрлі секторлары алады.

   - Яғни, әкімшіліктендіру оңайлатылып, салықтарды өздігінен төлеу ынтаналдырылады ма?

- Дәл солай. Бірінші кезекте, Кодекс шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Тіркелген шегеруді пайдаланумен жаңа әлеуметтік салықтттық режимді енгізу қарастырылған. Осы режим ерікті болып табылады. Режим оңайлатылған дикларациямен салыстырғанда қолдану үшін шекті кіріс пен шекті санының одан жоғары өлшемдерін, сонымен қатар еңбек төлеу қорының өлшеміне салық салатын кірісті төмендеті және МКҚ-інен 30% өлшемде тіркелген шегеруді, бірақ МКҚ-інен 70% артық емес қолдануды қарастырады.

 Сол уақытта аграрлық, геологиялық барлау және жер қойнауын пайдалану, өнеркәсіп және инвестициялар, АЭА секторларында салықтық өзгерістер қарастырылған, қаржылық секторды жақсартуға, еңбек төлеу қорына жүктеуді төмендетуге ниет бар.

Шаруа және фермерлік қожалықтар үшін бірыңғай жер салығы сақталатын болады. 2020 жылдан бастап барлығын жаппай декларациялау енгізуге байланысты, салық салу объектісін қайта қарау ұсынылды, жер учаскесінің бағалық құнынан ауытқу, 0,5 % мөлшерлеме бойынша айналымнан салық салуды орнату.

Осы мәселені шешу мақсатында, ағымдағы жүктемені сақтау үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына салатын жарналар мөлшерлемелерін төмендету арқылы әлеуметтік салық мөлшерлемесін 11% бастап 9,5% дейін төмендету ұсынылды.

Сонымен қатар тиімді емес жеңілдіктер мен төлемдердің күшін жою жоспарланған.  Мысалы, аукциондардан жинаулар және кеме жүретін су жолдарын пайдалану үшін төлемдер күші жойылады, өйткені мемлекет осындай жағдайларда қызметтер мен рұқсат қағаздар ұсынбайды.

Ойын автоматтары қызметтері бойынша, лоторея билеттерін, пошталық төлемнің мемлекеттік белгілерін, пошталық таңбалардың импорттарын іске асыру бойынша айналымдарды босату жөнінідегі жеңілдіктер күштерін жояды. Сондай-ақ, БӘСҰ талаптарына қайшы келетін жеңілдіктер күштерін жояды, өйткені БӘСҰ талаптарына сәйкес ішкі өндіріс пен импорт тауарлары үшін салық салудың тең шарттары қолданылуы тиіс.

Жаңа салықтық кодексте шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға қысқарту қарастырылған. ҚҚС 30 000 АЕК бойынша есепке қою үшін қолданыстағы төменгі шектік мән сақталады.

-Галина Васильевна, салықтық тексерістер атына бизнес тарапынан көптеген кейітулер туындайтыны сірә, ешкімге құпия емес. Жаңа Салықтық кодекс осы мәселені қалай шешуді ұсынады?

- Мемлекеттік кірістер мен салық төлеушілердің арасындағы өзара әрекеттестіктің айқын ережелерін белгілеу мақсатында салықтық әкімшіліктендіру қағидалары енгізілді — заңдылық, өзара әрекеттестік қағидасы, бағытталған әкімшіліктендіру қаупі қағидасы. Салықтық тексерістер өткізу кезінде құқықтар мен міндеттер нақтыланды. Қауіптерді басқару жүйесі түбегейлі қайта қарастырылды. Салықтық әкімшіліктендіру, соның ішінде ынталандырушы және бақылау шаралары салық төлеушілерге сараланған тәсілдеме негізінде жасалған.

Қауіптің төмен дәрежесінде — салықтық тексерістердің жоқтығы, есептілікті ұсыну, берешекті төлеу мерзімдерін өзгерту түрінде мүмкін босандық жасаулар, деңгейлес мониторингке қатысу мүмкіндігі.

 Тұтас алғанда салықтық саясат тексерістер өткізу үшін белгілер саны мен тексерістер санын төмендетуге бағытталған. Алдында белгіленгендей әкімшіліктендіру идеологиясы бизнес субъектілерімен салықтық және кедендік міндеттемелерді уақытылы әрі толығымен орындауға бағытталған.

Бұдан басқа, салық төлеушілерді ынталандыру үшін қауіптерді басқару жүйелерінің ашылған белгілерінің санын ұлғайту қарастырылғандығын атап өткім келеді. Ең үздік әлемдік тәжірибе негізінде «Деңгейлес мониторинг» жаңа рәсімдері енгізілді және уәкілетті органның ұстанымдарын өзгерту кезінде айыппұлдық санкцияларды қолданбау кепілдігімен жоспарланған келісімдерге қатысты алдын ала түсіндіруді инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымда және деңгейлес мониторингта тұратын салық төлеушілер қолдана алады.

Біздің сұхбатымызды түйіндей келе, жаңа Салықтық кодекс бизнес позициясы жағынан әзірленгендігін сенімділікпен айта аламыз.

 

Дайындаған Дина Әбілдинова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер