«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жайылымдық жері сақталған шаруаның бизнесі тоқтамайды

2017 жылғы 29 Наурыз
- Павлодар облысы
6013 просмотров

«Севиль» шаруа қожалығының басшысы Кәсіпкерлер палатасына жайылымдық жерге қатысты даулы мәселемен жүгінді

Наталья Кузьменко  «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2010 жылы несие алып, ет өнімі үшін ірі қара малын сатып алған. 2015 жылы тендер жарияланып, соның нәтижесінде жергілікті билік өкілдері шаруа қожалығының басшысымен екі жер учаскесін пайдалану туралы ұзақмерзімді келісімшарт жасаған. Осыған орай, кәсіпкер мал өсіретін кешенді іске қосты.

Дегенмен, ауылдағы кәсіпкердің бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Өз ісін бастаған адал кәсіпкердің жолында ауыр кедергілер пайда болды. Біршама уақыт өткеннен кейін аталған жер учаскелерін алу туралы қаулы шыққан. Оның үстіне, кәсіпкер ұзақмерзімді жалға алу келісімшартын әділет органдарында тіркеуден өткізген. Сонымен қатар, мал шаруашылығы кешенін де заңдастырған. Алайда, бұл жағдай да жергілікті билік өкілдерін тоқтатпады. «Севиль» шаруа қожалығына қарсы сотқа арыз түсірген. Олардың пікірінше, бұл жерлер елді мекен аумағына жатады.

«Бұл жерлер ауылдан 30 шақырым алыста болса, қалайша елді мекеннің аумағына кіреді. Неліктен жердің қатыстылығы туралы келісімшарт жасағаннан соң, бір жылдан кейін ғана белгілі болып отыр?» – деп Наталья Кузьменко қарсы сауал тастады.

Істің материалдарымен танысқан Өңірлік палата сарапшылары кәсіпкердің құқығы мен заңдық мүддесіне қатысты бұзушылықтар орын алып отырғанын анықтады. Себебі Жер кодексінің 109-бабы 2-тармағында шаруалық және фермер шаруашылықты жүргізу үшін елді мекендердің жер ауыл шаруашылығы пайдалануындағы жерлерден жер учаскелері жеке меншік құқығына берілмейді деп көрсетілген. Тиісінше, «Севиль» шаруа қожалығына жер учаскелері жеке меншікке емес, жалға берілген.

«Севиль» шаруа қожалығының басшысы жобаны іске асыру үшін 60 миллион теңге жұмсаған, ал жергілікті билік осы әрекеті арқылы шаруа қожалығының алдағы уақыттағы жұмысына қауіп төндіріп отыр.

ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әркімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің басшысы Лашын Баймағамбетованың айтуынша, аудандық әкімдік аталған жер шын мәнінде елді мекенің аумағына тиесілі екенін растайтын құжаттарды бермеген. Сонымен қатар, шаруа қожалығы мен жергілікті атқару органының арасында келісімшарт бар, сондықтан кәсіпкерге ешқандай негізделген заңдық наразылық жоқ.

Бұл іске Кәсіпкерлер палатасы араласқандықтан, жергілікті билік өз талаптарынан бас тартып, шаруа жайылымдық жерлерін сақтап қалды әрі бизнесі де жалғасын тапты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер