«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кешіріңіз, кешіктіңіз!

2016 жылғы 14 Сәуір
- Павлодар облысы
9635 просмотров

Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары кәсіпкерге 3 миллион теңгеден астам қаржысын сақтап қалуға көмектесті

«Қазақстан авторлық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Самедов Н.К ЖК-ны тиісті лицензиялық келісім-шарттар жасамай, қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармаларын заңсыз пайдаланды деген айып таққан.

Олар сотқа жүгініп, ЖК-ден 3 567 000 теңге көлемінде өтемақы өндіріп алу жөнінде талап арыз жазған. Алайда, арыз заңнамада көрсетілген мерзімдерді бұза отырып берілген. Дәл осыны ӨКП сарапшылары дәлелдей білді және сөйтіп кәсіпкерді өтемақы төлеу қажеттілігінен құтқарды.

«Біз сотта арыз беруші өзінің кәсіпкерді айыптау құқығын дер кезінде қолдана алмағанынын дәлелдедік. Қазақстандық авторлар қоғамы сотқа арыз берудің мерзімін өткізіп алған. Біз даусыз дәлелдемелерді көрсете алдық және, соның негізінде, кәсіпкер қойылған талаптарды орындаудан босатылды», – деп түсіндірді ӨКП сарапшысы Әлішер Қандыбаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер