«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда жергілікті өндірушілердің көрмесі өтеді

2019 жылғы 03 Шілде
- Павлодар облысы
5206 просмотров

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қала тұрғындарын және қонақтарды 10 шілде күні Павлодар қаласында Естай атындағы мәдениет сарайында өтетін «Қазақстан үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысуға шақырады.

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына 50 павлодарлық тауар өндіруші қатысады, олардың ішінен сарапшылық комиссия 9 үміткерді іріктеп алады.

  Жеңімпаздар өңірдің өндірушілік әлеуетін Нұр-Сұлтан қаласында  «Қазақстанның үздік тауары» респбликалық көрме-байқауы және отандық тауар өндірушілер көрмесінде  таныстырады.

 Үздік тауар өндірушілерді үш аталым: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша анықтайды.

 Үміткерлердің өтінімдерін қарау кезінде өнімнің бәсекге қабілеттілігі, экспорт үлесі, өндірісі көлемі, тұтынушылар пікірі, қолданылатын инновациялар, жергілікті қамту үлесі, сертификатталған сапа менеджменті жүйелерінің болуы ескеріледі.

 «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Әмір Байысов «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы  және «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы жыл сайын өткізілетінін айтты. Байқауларда тауарларды шығаратын немесе қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өзара бәсекелеседі.

 «Павлодарлықты «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына келуге шақырамыз. Көрмеде тауарлармен танысып, ұнаған өнімді сатып алуға болады. Көрмеге қатысушылар жартылай дайын өнімдер, ағаштан жасалған бұйымдар, бал өнімдері, жұмсақ жиһаз, ірімшік, алкогольсіз ішімдіктер, ұлттық стильдегі қолөнер бұйымдары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдері, бөдене еті, былғары және елтіріден жасалған сөмкелер мен қапшықтар және тағы басқа тауарлар ұсынылады», – деді Әмір Байысов.

 Жыл сайын павлодарлық үздік өндірушілер өздерінің жоғары мәртебесін растайды, «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» сапа байқауында сапаны менеджментінің заманауи жетістіктерін көрсетеді. Бұл тенденция отандық өндірушілер бәсекеге қабілетті өнім шығарып, отандық брендті ілгерілетіп, заман талабына сай жұмыс істеп жатқанын дәлелдейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер