«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер әйел жүк тасымалдау қызметін ашты

30 Қаңтар 2019 - Павлодар облысы
748 просмотров

Железин ауданының тұрғыны Наталья Литневская жүк тасымалдау қызметін ашты

 Мұндай бизнес идеясы жаңа емес. Алайда, бұл жағдайда кәсіпті әйел бастап отыр. Наталья Литневская – тәжірибесі мол «авто ханшайым», жүргізушіліктің барлық категориясына ие, бұл әйелдер арасында сирек кездесетін артықшылық. Наталья кәсіпкерлікпен бұрын айналысқан. Бірнеше жыл бұрын ол такси қызметін ашқан болатын.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына оқуға келіп, ауыл тұрғыны қайтадан бизнес ашып көруге бел буды. Оқу барысында такси қызметі емес, жүк тасымалдау қызметін ашуды жоспарлады. Бизнес-жобаны сәтті қорғап, керек құжатт топтамасын жинауға кірісті. Осы кезеңде кепілзат мүлігін рәсімдеу бойынша қиындықтар шықты. Сондықтан ӨКП қызметкерлерінің қолдауы көмектесті. Менеджерлер жобаға басынан бастап толық сүйемелдеу жасап, жеңілдікпен несие алуға атсалысты. Наталья Литневская «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» «Кәсіпкер» бағдарламасымен 4 млн теңге қаражат алды. Бизнес-тренер Ақмарал Сайтқұлованың айтуынша, бастауыш кәсіпкерлер үшін бастысы – бастаған істі аяғына дейін жеткізу.  

 «Әр адам өзі күшіне сенсе, табысқа жете алады. Бизнесмен табиғатынан жеңімпаз болуы керек. Мұнда табысқа ғана емес, сонымен қатар тұлғалық даму да көзделуі шарт», – деді Ақмарал Сайтқұлова.

 Бизнесті сәтті жүргізу мақстаында Наталья Литневская автокөлікті орналастыруға арналған блок салды, жүкке арналған бөлек орынжай бар. Ары қарай кәсіпкер бизнесін кеңейтіп, көлік санын арттырмақ, осылашй жаңа жұмыс орындары ашылады.

«Бастау» жобасы маған кәсіпкер болуға көмектесті. Оқу – бизнестегі білімімді шыңдады, маркетинг, сатудың жаңа түрлері, нарыққа талдау жасау, жаңа нышанды таңдау, кіріс пен шығысты есептеуді үйрендім. Бизнесті жүргізудегі қателіктерімді анықтадым», – деді Наталья Литневская.  

 

default.labels.news.telegram

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер