«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кооперация – табыс кілті

2018 жылғы 19 Сәуір
- Павлодар облысы
6704 просмотров

Малда береке

Ауыл шаруашылық коопарциялардың тиімділігін Успенск ауданы Лозовск ауылдық округінің шаруалары байқады. Олар «Ауыл» атты ауыл шаруашылығы өндірісітік кооперативін құрды. Кооператив төрағасы болып Айнар Оспанов тағайындалды. Кәсіпкер еңбек жолын Железинка ауданы Захаровка ауылындағы мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастады. 2007 жылы Айнар Оспанов құрылыс компаниясына монтаждаушы болып орналасып, кейін бас инженерге дейін көтеріледі. Құрылысы саласында айтарлықтай тәжірибе жинаған Айнар Оспанов осы салада жеке кәсіпорын ашуға бел буады. 2010 жылы «Uni Stroy Groop Engineering» ЖШС атты компания ашып, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен айланыса бастайды.

2014 жылдан бастап кәсіпкер «Маңғыстау Техно-Сервис» ЖШС жетекшісі болады. Жаны ауылға жақын Айнар Оспанов 2017 жылы бизнесті ауылда ашуға бел буады.

 «Ауыл» ауыл шаруашылығы өндірісітік кооперативі 2017 жылы Успенск ауданы, Лозовое ауылында құрылды. Қазіргі таңда коопертив құрамына 25 құрылтайшы кірді. Коопартив иелігінде 300 бас ірі қара мал бар. Биыл қосымша 200 бас ақбас тұқымды ірі қара алынбақ.

Ауыл шаруашылығы өндірісітік кооперативін құру кезеңінде Айнар Оспанов көмек алу үшін ӨКП Успенск ауданы бойынша филиалына жүгінеді. Палата филиалында кәсіпкерге Әділет органында тіркелу үшін құрылтайшылық шарт пен жарғы әзірлеуге көмектеседі. Палата филиалы кеңесші-менеджерлері ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі мүшелеріне қаржылай емес қолдау – кеңес беру, 3 млн теңге көлемінде бордақылау алаңын ашу мақсатында бизнес-жоспар құруға, 7,97 млн теңге көлемінде дөңгелекті трактор алуға көмектеседі. Филиал директоры Әсел Байжанова кәсіпкер Айнар Оспанов тұрақты түрде аудан мен облыс көлемінде түрлі демеушілік көмек атқаратынын айтты.  

«Ауыл» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін дамыту үшін жем-шөп тасымалдау, қалдықтарды сыртқа шығару мақсатында ауыл техникасын алу керек болды, бұл ретте мемлекет қолдауын пайдаландық. Кооператив мүшелеріне «Ынтымақ» ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына жүгінуге кеңес бердік», – деді Әсел Байжанова.

  Қазіргі таңда «Ауыл» ауыл шаруашылығы өндірісітік кооперативі ірі қара малды байлау үшін база құрылысын аяқтап жатыр. Осылайша ауылда бірнеше жұмыс орны ашылмақ.

 «Мал шаруашылығы – мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі. Кезінде бір дана қариямен әңгімелескенімде мен «Ас атасы – нан» деген сенімде болғам. Ал қария дастарханда мал өнімі болмаса, жағдай қиын екенін жеткізді. Нанның жанында ет, сүт, май, жұмыртқа болғаны абзал. Мен ол кісінің айтқандарымен келісемін. Бүгінде мал шаруашылығын қолға алған азаматтар құрметке лайық деп санаймын», – деді Айнар Оспанов


Еншілес ұйымдар

Серіктестер