«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысы тұрғының бизнес-арманы орындалды

2017 жылғы 10 Мамыр
- Павлодар облысы
5601 просмотров

Шарбақты ауданының іскер тұрғынының бизнес жобасы сәтті басталды

Орловка ауылының тұрғыны Ораз Кәкенов бала кезінен бастап әкесімен бірге мал шаруашылығымен айналысқан, жеке фермасын ашуды да армандады.

«Ауылдық жерде мал шаруашылығын дамыту табысты әрі келешегі зор. Осы саладағы тәжірибемді ескере отырып, барлық артықшылығы мен кемшілігін ескеріп, жеке бизнесімді ашуға шешім қабылдадым», – деп баяндады шаруа.

Кәсібін енді бастаған тұрғын Кәсіпкерлер палатасының Шарбақты ауданындағы филиалынан көмек сұраған. Филиал жаңа кәсіпкердің бастамасына жәрдемдесіп, қажетті құжаттарды жинап, бизнес-жоспар құруға атсалысты.

«Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасының қатысушы ретінде жас кәсіпкер бордақылау үшін ірі қара мал сатып алуға қаржылай жәрдем алды. Қазіргі таңда 13 ірі қара малы бар. Жас кәсіпкер Ораз Кәкеновтың айтуынша, бұл бастамасы ғана, келешекте мал басын көбейтуді, жер көлемін үлкейтуді жоспарлап отыр.  

«Бұл отбасылық шағын бизнестің басы ғана. Әуелде Кәсіпкерлер палатасы көмектесті. Кеңес беріп, қажетті құжаттарды жинауға жәрдемдесті, уақыт өте келе балаларыммен бірге барлық арманымызды орындайтынымызға сенімдімін», – дейді ауыл тұрғыны.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер