«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

АЗИЯ ДАМУ БАНКІ ЖӘНЕ «АТАМЕКЕН» ҰКП ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БИЗНЕС-ОРТАҒА ӘСЕРІ ТУРАЛЫ КӘСІПОРЫНДАР АРАСЫНДА САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

2022 жылғы 02 Тамыз
6765 просмотров

Азия Даму Банкі (АДБ) "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен жақында орын алған Ресей-Украина қақтығысын және covid-19 пандемиясының жалғасып келе жатқан әсерін қоса алғанда, сіздің іскерлік белсенділігіңізге жылдам өзгеріп жатқан жаһандық экономиканың әсерін бағалау үшін Қазақстандағы шағын және орта бизнес өкілдеріне сауалнама жүргізуде. 

Зерттеу сонымен қатар жаһандық экономикалық белгісіздікке байланысты туындайтын тәуекелдер контекстінде бизнес үшін жаңа сын-тегеуріндерді анықтауға бағытталған және ШОБ-қа мүмкін болатын мемлекеттік көмекті зерттеуге мүмкіндік береді.
Осы мақсатта біз сізден https://adb-asm-survey .questionpro.com/global-economic-impact-msme-kazakhstan сілтемесіндегі онлайн-сауалнаманың жауаптарын күтеміз және алдын ала алғысымызды айтамыз.
Бұл сауалнаманы толтыруға шамамен 10-12 минут кетеді. Сіз берген ақпарат қатаң құпия болып табылады және  жеке басын жарияламай тек біріктірілген талдау үшін ғана пайдаланылады.

Анықтама үшін: Азия Даму Банкі (АДБ) - негізгі міндеті Азия-Тынық мұхит аймағындағы кедейлікті азайту болып табылатын 68 мүше елге тиесілі көпжақты даму банкі. Қазақстан 1994 жылы АДБ мүшесі болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер