«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

1,9 мыңға жуық кәсіпкер тәртіпсіздіктерден келтірілген залал туралы хабарлады – ҰКП

2022 жылғы 21 Қаңтар
5965 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерден тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залал туралы деректерді қабылдап жатыр.

2022 жылғы 21 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің 9 өңірінде 2267 объектіде орналасқан 1863 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, оның ішінде Алматыда  1977 объектіде орналасқан 1610 субъект бар. 

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1664; қоғамдық тамақтану – 68; қаржы секторы – 88; логистика – 36; БАҚ – 7.

Байланыс орталығына барлығы 11 042 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 2317, форс-мажор – 558, блокбекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша –33, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 1078, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 2435. Өңірлік палаталарға форс-мажор туралы куәліктер бойынша  1115 қоңырау және 441 өтініш түсті.

Алдын ала есепке сәйкес, залалдың жалпы сомасы 98,1 млрд теңге (оның ішінде Алматыда 94,8 млрд теңге) болды.

Еске салайық, зардап шеккен кәсіпкерлерге Алматы кәсіпкерлерінің бастамасымен құрылған «Күшіміз бірлікте» қорынан көмек көрсетіледі.


Сондай-ақ, көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтар мына реквизиттерді пайдалана алады:
«БанкЦентрКредит» АҚ:
алушы: «Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583
есепшоты: KZ268562203115072353
«БанкЦентрКредит» АҚ реквизиттері: БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX БСН/БИН 980741000260 010000, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Қабанбай батыр даңғылы, 15 А.
 
«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ:
алушы: «Күшіміз бірлікте»  қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583
есепшоты: KZ52551Z128000206KZT
«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ реквизиттері: БИК KSNVKZKA


Еншілес ұйымдар

Серіктестер