«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақмола облысында кәсіпкерлер форумы өтті

2021 жылғы 26 Қараша
- Ақмола облысы
22481 просмотров

Бүгін Зеренді ауылында кәсіпкерлер форумы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен аудан әкімдігі ұйымдастырды.

Жергілікті мәдениет үйінің төрінде тұтас көрме ашылды: «Бастау Бизнес» жобасының қатысушылары, шамамен 20 адам өз өнімдері мен жұмыстарын ұсынды.

Айбар Балтабеков жоба бойынша 2019 жылы оқуға қатысты, кәсіп ашты. Бүгінде ол табысты кәсіпкер, кәдесый бұйымдарын дайындаумен айналысады, күрделі тапсырыстарды да орындайды.

 «Маған жоба көп мүмкіндік берді, ең бастысы өз күшіме сенуді үйретті. Кәсіпті енді бастаған кәсіпкер алдында тұратын кедергілерді жеңуге үйретті», – деді жоба түлегі.

 «Кәсіпкерлік қызмет экономиканың дамуына елеулі үлес қосатыны сөзсіз. Бизнес саяси және әлеуметтік факторлардың ықпалын арттырады. Біздің алдымызда тұрған сын-қатерлер экономиканың орнықты, теңгерімді өсуі үшін келісілген іс-қимылды талап етеді. Сондықтан біз өнеркәсіптік және шикізаттық әлеуетті толық іске асыра отырып, бірлесіп, дамудың қосымша жолдарын іздеуіміз қажет. Зеренді ауданының мамандануына өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жақын, сондықтан бізге терең өңдеуді дамыту, туризм және Көкшетау қаласы мен елорданы азық-түлік белдеуін қамтамасыз етумен айналысу қажет, бұл келешекте бәрімізге үлкен пайда әкеледі», – деді Зеренді ауданының әкімі Асен Жақсылықов.

Форум жұмысы «инвестор сағатымен» жалғасты. Кездесуге қатысушылар – инвестициялық бастамасы бар әлеуетті инвесторлар мен кәсіпкерлер өз жобаларын, даму жоспарларын таныстырды, сондай-ақ өз жобаларын іске асыру кезінде проблемалық мәселелерді атап өтті. Аудан әкімі, салалық басқармалар өкілдерінің қатысуы кейбір мәселелерді сол жерде және қазір шешуге мүмкіндік берді. Айта кету керек, кездесулерді тікелей қарым-қатынас және кері байланыс түрінде өткізудің мұндай форматы өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында инвесторлардың жобаларды іске асыру бойынша проблемалық мәселелерін нақты және жедел пысықтауға мүмкіндік береді. Туризм, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі, жер қойнауын пайдалану, денсаулық сақтау салаларындағы жобалар қаралды.

«Зеренді ауданында туристік бағыттағы кәсіпкерлікті дамытуда үлкен әлеует бар. Бүгінгі күні туризм саласында жалпы 1665 төсек-орынды қамтитын объектілердің, демалыс үйлерінің, қонақ үйлер мен санаторийлердің 39 туры жұмыс істейді. Туристік нарықтағы қызмет көрсету деңгейі төмен немесе мүлдем жоқ, дегенмен туристер ағыны жыл сайын артып келеді. Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға одан әрі ықпал етуге және ауданның жұмыс істеп жатқан және кәсіпті енді бастаған кәсіпкерлерін сүйемелдеуге дайын», – деп атап өтті Палата директоры Ерқанат Мүсылманбек.

 Жиында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы  Ақмола облысы іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, өңірдің бизнес ханымдары мол ақпарат берді. Мысалы, кәсіпкер Марал Кенжахимова туристік саладағы жұмыс қағидалары туралы айтты.

Іс-шара дәстүр бойынша өңірдің үздік кәсіпкерлерін марапаттаумен аяқталды. Жыл қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің шешімімен Зеренді ауданының жеке кәсіпкері Айшат Яндиева кәсіпкер әйелдер арасында «Аруана бизнес-тану» сыйлығымен марапатталды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер