«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түнгі клубтар «жасыл» статусы бар қазақстандықтар үшін қызмет көрсетеді

2021 жылғы 13 Қазан
4572 просмотров

Түнгі клубтар «жасыл» статусы бар қазақстандықтар үшін қызмет көрсетеді

 Бұл шешім коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

 Түнгі клубтарға «жасыл» статусы бар қазақстандықтарға 50%-бен толымдықпен қызмет етуге рұқсат берілді. Алайда, әр эпидемиологиялық аймаққа шектеулер қарастырылған:

  • «жасыл» аймақ – 100 адамнан артық емес;
  • «сары» аймақ – 70 адамнан артық емес;
  • қызыл» аймақ – 50 адамнан артық емес.

Сонымен  қатар Ashyq жобасына қатысуышларына жеңілдіктер қабылданды.

 «Енді Ashyq жобасына қатысуышлар «жасыл» аймақта түнгі сағат 03:00-ге дейін, ал жоба лидерлері таңғы сағат 05:00-ке дейін, «сары» аймақта сағат 01:00-ге дейін, лидерлер сағат 03:00-ке дейін жұмыс істей алады. Санитар дәрігерлердің қаулысында өзгерістерді күтеміз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Шешім Қазақстан Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер