«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Талдықорғанда «ASHYQ» жобасы іске қосылды

2021 жылғы 15 Сәуір
- Жетісу облысы
6056 просмотров

Талдықорған қаласы «Ashyq» жобасына қосылды. Кәсіпкерлік нысандарының ішінде алғашқы болып қалалық «Fortuna» кафесі QR-кодты алды. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Дәурен Оналбаев хабарлады.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына Талдықорған қалалық СЭБ басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Мелдебаев, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова қатысты.

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәурен Оналбаев «Ashyq» жоба вирустың таралу қаупін азайтып, карантиндік шаралар кезінде өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Қосымшаны пайдалану бизнес объектісіне шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жоба QR-код және ПТР дерекқорымен интеграция есебінен келушінің мәртебесін - ол вирустың тасымалдаушысы болып табыла ма, жоқ па екенін анықтауға мүмкіндік береді. Кіре берісте адам оның мәртебесін анықтау үшін QR кодын сканерлейді және түсіне байланысты, келушінің мәртебесін белгілейді. Түске сәйкес келушінің нысанға кіру-кірмеуі анықталады.

 ««Fortuna» кафесі Талдықорған қаласындағы мобильді қосымшасын пайдаланған бизнес субъектілері арасында бірінші нысан болды. Тестілеу жүйесі бизнес объектісі үшін де, мекемеге келушілер үшін де қолдану өте оңай екенін көрсетті. Қазіргі уақытта «Ashyq»  жобасына қатысуға 17 өтінім келіп түсті. Барлық жаңа қатысушылар үшін қатысуға өтінімдер infokazakhstan.kz сайты арқылы беріледі. Кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану объектілері, қосымша білім беру ұйымдары өтінімдерді салалық қауымдастық арқылы береді», - деп атап өтті Дәурен Оналбаев.

Айта кетсек, QR-код тек бизнес субъектілеріне беріледі. Жобаның талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін жеке кабинетте бір апта бойы оқуға және тест режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін код пайда болады.

Келушілерге App Store және Play Market-тен "Ashyq" мобильді қосымшасын жүктеу, телефон нөмірі бойынша авторлану, ЖСН енгізу және өзінің баруын тіркеу үшін мекеменің QR-кодын сканерлеу қажет. Сондай-ақ, шығу кезінде шығуды бекіту үшін QR кодын сканерлеу керек.

 

Келушіде смартфон болмаған немесе осы мобильді қосымшаны жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда жауапты тұлғаға-мекеме қызметкеріне қосымшада рөл беріледі, оның көмегімен ол келушінің ЖСН енгізу арқылы кіруін тіркей алады.

Сонымен қатар, бизнестің өзі клиенттің мәртебесін ғана көреді: жасыл, көк, сары немесе қызыл. Ол адам туралы басқа деректерді көрмейді.

Қызыл мәртебе қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді.

Сары-қозғалысты ішінара шектеу-пайдаланушы ПТР дерекқорында жұқтырған науқаспен байланыста болғандығы жөнінде көрсетілген: пациент үйде оқшаулану режимін сақтай отыра, үйінен 500 метр жерден аспайтын азық-түлік және аппараттық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етілген.

Көк-бұл мәртебе үшін ПТР міндетті болатын жерлерден басқа қозғалыс шектеулері деректер көзінде жоқ.

Жасыл күй қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді және бұл пайдаланушы дерекқорда covid-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.

Қазіргі уақытта Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында бизнес-қоғамдастықпен «Ashyq» жобасы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілуде және жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімі қалыптастырылуда. «Ashyq» қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша «Атамекен» ӨКП жүгінуге болады. Анықтама тел.: 8 705 1900000 және 8 701 5872159.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер