«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» дивиденд төлеуде таза табысты анықтауға қатысты өз позициясын білдірді

2021 жылғы 19 Қаңтар
5183 просмотров

Еске салсақ, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексі 645-бабы 9-тармағының мақсаттарын іске асыру үшін таза табыс салық есептілік деректері бойынша анықталуы тиіс деп санайды.

 Комитет өз позициясын келесі дәйектермен дәлелдейді: 

  • Біріншіден, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңында ҚЕХС (Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты) және ҚЕҰС-та (Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарты) «таза табыс» термині анықталмаған, сәйкесінше, салық салу мақсатында аталған термин салық заңнамасы нормалары тұрғысынан айшықталуы тиіс.
  • Екіншіден, Салық кодексі мақсатында «таза табыс» терминін қолдануда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  ҚР 1995 жылғы 24 сәуірдегі №2235 Заңы нормаларына негізделген тарихи қалыптасқан тұжырымдаманы басшылыққа алу қажет.

Ұлттық палатаның пікірінше, Комитеттің позициясы заңнаманың нормаларына қайшы.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР 1995 жылғы 24 сәуірдегі №2235 Заңы (бұдан әрі – Салық туралы заң) ҚР 2001 жылғы 12 маусымдағы № 210 Заңымен күшін жойды.

ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес, осы актіні қабылдаған орган немесе басқа уәкілетті орган актіні немесе оның бөлігін (бөліктерін) жарамсыз деп таныған жағдайда, нормативтік құқықтық акт (оның бөлігі немесе бөліктері) күшін тоқтатады.

 Демек, күшін жойған Салық туралы заңның ережелерін қолдану – заңсыз.

Бұдан бөлек,  ҚЕХС (IAS)  «Қаржылық есептілікті беру» 8-тармағында ұйым қорытынды көрсеткіштерді сипаттау үшін егер олардың мәні айқын болса, мысалы, пайда немесе залал өлшемін сипаттау үшін «таза табыс» терминін қолдана алатыны мысал ретінде келтірілген

 Сәйкесінше, 2021 жылға дейін дивиденд төлеу кезінде таза табыс бухгалтерлік есептілік бойынша анықталуы керек.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі аталған мәселе бойынша Ұлттық палатаға жазбаша хатпен бухгалтерлік есептілік бойынша қолданалатын түсінік қолданылуы керек деп хабарлады.

 ҰЭМ хаты

ҰКП-ның ҰЭМ-ға хаты

МКК хаты

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер