«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жандарбек Бекшин фудкорттар және мектеп асханаларын жалға алушылармен кездесті

2020 жылғы 27 Қараша
- Алматы қаласы
7887 просмотров

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, шектеу шараларын түсіндірді. Бизнес өкілдерінен түскен қорытынды ұсыныстар Ведомствоаралық комиссияға қаралымға жіберіледі

 Қоғамдық тамақтанудың осы бағыттында жұмыс істейтін кәсіпкерлер қызметті қайта бастау мәселесін көтерді: белгілі болғандай, Алматыда фудкорттар мен мектеп асханалары жұмыс істеп жатқан жоқ, бизнес шығынға батып жатыр.

 «Мектепте тамақтануды ұйымдастыратын кәсіпорындар 2020 жылдың 14 наурызынан бері қызметті тоқтатқан, экономиканың зардап шеккен салалары тізіміне біздің ЭҚЖЖ 56290 қосылмаған, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілмейді. Сала сегіз айдан беру жұмыс істемейді, біз қоғамдық тамақтанудың басқа кәсіпорындары сияқты жеткізілімге, тамақты тапсырыспен дайындауға әзірлей алмаймыз, өйткен асханалар мақсатты тағайындама бойынша қатаң жұмыс істеуі керек. ВАК шешімі бойынша оқушы саны 300 балаға дейін кезекші сыныптарды ұйымдастыруға рұқсат етіледі. Ата-аналардың барлығы бірдей балаларына мектепке тамақ салып бере алмайды, асханалар жұмыс істемегендіктен, үзіліс кезінде балалар дүкендерге жүгіреді, мұндай жайт көшелерде жол апаты, уланып қалу тәуекелдеріне әкеп соғады. Егер ата-аналар тарапынан жазбаша өтініш беріліп, кәсіпкер үшін экономикалық пайдалылық болса, кезекші сыныптарға тамақтану мәселесі бойынша келісім беруді сұраймыз», – деді Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері.

 Кәсіпкерлердің ұсыныстарына жауап беріп, Жандарбек Бекшин офлайн режимде оқитын мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекциясын жұқтыру фактілері 6 мектепте тіркелгенін атап өтті. 2020 жыл 27 қарашадағы жағдай бойынша   коронавирустық инфекциясын жұктырған оқушылар саны 115 бала болды, соның ішінде 109-ы – онлайн режимде оқиды, 6-ы – офлайн режимде.

 «Шешім қабылдауда біз бірінші кезекте балаларымыздың денсаулығын ойладық. Біз үшін бала саулығы басты құндылық. Егер бала ауырса, оның салдары қандай болатынын білмейміз. Қазіргі кезде алты мектепте балалар ауырып қалды – алты сынып үй карантиніне жіберілді, 90 оқушы қауіп-қатерге душар болды. Біз қазір кезекшілік сабақтарын ұйымдастыру арқылы жағдайды сақтауға тырысамыз. 1-5 сыныптарда сабақ саны 3-4-тен аспайды, бір сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Егер бұрынғыдай сабақ саны 6-дан 8-ге дейін болса, онда тамақтану мәселесі өте өзекті болар еді. Үзілістерді ескере отырып, сағаттарға шақсақ, онда балалар күніне 3,5 сағат оқиды. Біз шоғырлануға жол бермеуге мүдделіміз. Балалардың топтасуы қол жуу жерде, тамақтану залдарында орын алуы мүмкін. Егер тамақтануды ұйымдастыратын болсақ, мектептерге азық-түлік өнімдерін жеткізушілер келе бастайды, инфекция енуі мүмкін. Сондықтан әзірге асханаларды ашуды тоқтата тұруымыз керек, өйткені індетті жұқтыру деңгейі өсіп жатыр, індеттің екінші толқыны алдында тұрмыз», – деді ол.

 Кездесуге қатысқан фудкорттарда жұмыс істейтін кәсіпкерлер бірқатар ұсыныс айтты.

 Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы жылжымайтын мүлік саудасын дамытушылар одағы фудкорт қызметіне тыйым орнына карантинді қоса алғанда, шектеу шараларының барлық кезеңінде олардың жұмысының нақты регламенттерін белгілеу тиімді болар еді. Регламент сауда және ойын-сауық орталықтарына келушілеріне тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз етіп, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған қолданыстағы шектеу шараларын қатаң сақтауға мүмкіндік береді.

 «Фудкорт қызметінің мәселесі өте маңызды, өйткені бұл аймақта бірнеше тамақтану нысандарының шоғырланған жері, ортақ зал. Қазіргі жағдайда тәуекел жоғары, өйткені дәретхана нүктесі біреу ғана, адамдар топтасып қалуы ықтимал. Сонымен қатар желдету жүйесі де ортақ. Әзірге бас санитарлық дәрігер фудкорт жұмысына рұқсат бермеді. Ұсыныстарыңызды қарастырдық. Мәселе өзекті, оның маңызын түсініп отырмыз. Ұсыныстар мен дайын жоба қаралуы үшін «Атамекенмен» бірлесіп, бұл мәселені республикалық деңгейде көтереміз», – деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

 Сондай-ақ, келушілермен байланыстың деңгейі төмен авто-экспресс қызметін, тез тамақтану дүңгіршектерінің жұмысын қалпына келтіру туралы мәселелер айтылды.

 «ҚР Ведомствоаралық комиссияның соңғы отырысында Ералы Тоғжанов нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуде келушілермен тікелей байланыс болмайтын нысандар қызметіне рұқсат беруді тапсырды. Дәл осы тұрғыдан біз бұл мәселені қарастырамыз», – деді Жандарбек Бекшин.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік субъектілерінен ұсыныстарды жинап, ведомствоаралық комиссияға жолдайды.

Бизнесмендер оларға қандай форматта жұмыс істеуге болатыны жайында ұсыныстар айтты, соның ішінде Мәскеу қаласының тәжірибесі мысалға алынды. Ұсыныстарымыз оң қабылданады деген ойдамыз», – деді Алматы қаласы ӨКП директоры Айтуар Қошмамбетов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер