«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП жұмыспен қамту мәселесін бақылауға алуды ұсынды

10 Шілде 2020
1432 просмотров

ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті қолдауда тиімділігі жоғары, стандартты емес шараларды әзірлеу қажеттігі туралы маңызды ой айтты

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев  төтенше жағдай және карантин кезеңінде халықты жұмыспен қамту бойынша іске асырылған кейбір қолдау шаралары тиімді бола қойған жоқ деп санайды.

 Басқарма Төрағасының орынбасары Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру мәселесіне тоқталды.

 «1 трлн теңге түрлі инфрақұрылымдық жобаларға (6,5 мыңнан астам) жұмсалды, ондағы міндет 255 мың адамды жұмыспен қамту болды. Негізгі идея шектеу шаралары кезеңінде табыстан айырылған мамандарға деп жұмыс орныдарын құру еді. Алайда мында бірнеше олқы тұстар бар. Анағұрлым зардап шеккен салалар қатарында – қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету секторы. Демек, даяшылар, сатушылар, кеңесшілер және басқалар жұмыссыз қалды, ал Жұмыспен қамту жол картасы жобаларындағы қажеттілік – маманданған құрылысшылар мен жол салушыларға қойылған. Осылайша, теңгерімсіздік орын алған», – деп мәлімдеді Олжас Ордабаев.

 Екінші маңызды мәселе – құрылған жұмыс орын саны бойынша мердігерлерге қойылған талап.

 «Мәселен, жол салу жөнінде бір жобаны іске асыру үшін жобалық-сметалық құжаттама 500 адамды қажет етеді, ал Жұмыспен қамту жол картасы бойынша мердігер 3000 адамды жұмыспен қамтуы керек. Ситуация екі проблеманы туындатып тұр – Жұмыспен қамту орталықтары мамандардың қажетті санын таппай отыр, ал бизнес міндеттемелерін орындай алмай әлек. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша келісімшарттарды қайта қарап, бизнес алдына іс жүзінде іске асырлмалы шарттар қою қажет деп санаймын», – деп атап өтті Ордабаев.

 Осыған дейін Жұмыспен қамту жол картасы жобасын талқылау кезінде «Атамекен» ҰКП қаражаттың бір бөлігін ТЖ  және карантин кезеңінде зардап шеккен салаларға бағыттауды ұсынған болатын. Инвестициялық жобаларға емес, жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды сақтап қалуға екпін жасау маңыздырақ.


Серіктестер