«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Елмен бірге ашық талқылау» ұйымдастыруға қатысу жайында «Атамекеннің» ресми мәлімдемесі

2020 жылғы 08 Шілде
2679 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы 8 шілдеде өтетін «Елмен бірге ашық талқылауға» ұйымдастыруда «Атамекеннің» рөліне қатысты бірақатар сұрақ келіп түсті

 Аталған іс-шараны «El Tiregi» одағы ұйымдастырып жатқанын атап өтпекпіз. «Атамекен» қоғамдық ұйым ретінде барлық салалық және аймақтық одақтар және бизнес қауымдастықтармен бизнесті дамыту және қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүргізеді. Соның ішінде Мәжіліс депутаты Н.Б.Әлтаевтың жетекшілігіндегі «El Tiregi» одағымен ынтымақтастық орнатқан. Аталған ұйым ҰКП жүйесінде аккредиттеуден өткен.

Сондықтан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Елмен бірге ашық талқылауды» ұйымдастыруға тікелей қатысы жоқ, алайда бизнес-қоғамдастықтың қиын кезеңдерде кәсіпкерлік пен қоғамды дамытуға бағытталған барлық бастамаларына ашық.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер