«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Пандемия кезеңінде еңбек нарығында копирайтерлер, аудармашылар, программистер қызмметіне сұраныс жоғары

2020 жылғы 08 Шілде
3867 просмотров

«Атамекен» кәсібін енді бастаған кәсіпкерлер және «Бастау Бизнес» түлектері өз әлеуетін тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін бизнестің салаларын іздеп жатыр

Ол үшін түрлі қызмет көрсететін фрилансерлермен онлайн-алаңда кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында дизайнер, копирайтер, аудармашы, программист және SMM-маманы сынды қызмет нарықта орта есеппен 500-800$ бағаланатыны анықтылды.

Осыған дейін «Бастау Бизнес» оқу бағдарламасына ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтар енгізілген болатын, ал қала тұрғындары үшін пандемия кезеңінде бизнестің ұсынылмаған, өзекті емес бағыттарының тізімі құрылды.

Осылайша, жоғарыда аталған мамандықтардың пилоттық режимде енгізе отырып, «Атамекен» ҰКП пандемия кезеңінде қызмет салалары бағыттарын толықтырмақ.

Бұдан  бөлек, жаңарған оқу бағдарламасында халықаралық нарықтарда онлайн-сатылымдар бойынша оқу курсы қарастырылған.

«Бастау Бизнес»  – кәсіпкерлік негіздері, бизнес, экономика, менеджмент және маркетинг, заманауи нарықтық жағдайда болашақ дербес қызметке арналған практикалық дағдылар базасын құруға оқытатын курс.

 «Бастау Бизнес» білім беру жобасын «Атамекен» ҰКП  2017 жылдан бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14 облыс, 160 аудан, қалалар мен моноқалаларда іске асырып жатыр. Жоба өз нәтижелерін көрсетті: 2017-2019 жылдар аралығында 45 мыңға жуық жұмыс орны құрылды және 30 мыңнан астам бизнес субъектісі ашылды.

Жоба түлектерінің 92 пайызы салық төлейді, яғни жұмыс істеп жатыр.  Үш жыл ішінде жоба тыңдаушылары жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге салық төлеген. Бұл ауқым бизнес жүргізуде тәжірибесі жоқ, кешегі жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар екенін атап өткен жөн.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер