«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жер қатынастары саласын цифрландыру мәселелері жөніндегі заң жобасына жаңа түзетулер

2020 жылғы 18 Маусым
6564 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы цифрландыру және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының тұжырымдамасы келіп түсті

 Заң жобасы шеңберінде ҚР Жер кодексі, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексі, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» заңы, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңы, «Геодезия және картография туралы» заңы, «Табиғи монополиялар туралы» заңына өзгерістер енгізу жоспарланған.

 Тұжырымдама бойынша заң жобасына келесі ақпараттық жүйелердің байланыстыру арқылы жер телімдерін беру процестерін автоматтандыруға бағытталған түзетулер енгізілмек:

-«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі;

-облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өңірлік геоақпараттық порталдары;

-цифрлық ауыл шаруашылығы картасы;

- «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» порталының жария кадастрлық картасы;

-мемлекеттік қала салу кадастры.

 Сонымен қатар   43-1-бап (ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібі), 44-бап (объектілерді салуға) 44-1-бап (елдімекен аумағында объект салуға), 45-бап (құрылыспен байланысты емес мақсаттарға), 46-бапты  (оралмандарға) алып тастау арқылы жер телімдерін беру тәртібін бір ізге салу және белгіленген нысанылы мақсатына байланысты сауда-саттық, аукциондар, байқаулар және байқау процедураларынан тыс жолдар арқылы беруді қарастыру ұсынылады.

 Жер телімдерін сауда-саттықтан тыс тәртіпте беру өңірлік геоақпараттық жүйелер арқылы іске асыру қарастырылған, ал байқау (сауда-саттық, аукцион) тәртібі келесі жолдармен ұсынылады:

  1. сауда-саттықта (байқаулар, аукциондар) сатылымға (соның ішінде жалға берілетін) ұсынылған жер телімдерінің тізімі жергілікті атқарушы органдармен белгіленеді және жергілікті баспа басылымдарда және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурсында ең кемі айына бір рет жарияланады;
  2. өтініш беруші аукционға қойылған жер учаскелерінің тізімінен өзіне жер учаскесін таңдайды, жердің орналасқан жерін көзбен анықтау мүмкіндігімен телімді кадастр порталында іске асырылатын Жария картада өз бетінше суретін сала алады, байланыс жүйелеріне қосылу нүктелері туралы біледі.
  3. Оң мақұлдау алған соң, жергілікті атқарушы орган сұралған жер телімін аукционға қояды.

 Осы ретте шаруа және фермерлік қожалық, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге жер телімдерін электронды байқау арқылы беру ұсынылады.

 Сондай-ақ нормаларды дұрыс түсіну және оларды іс-жүзінде қолдану қиындығын ескере отырып, заң жобасының жаңа нормалары басқа баптарға сілтемесі болмайды деп болжануда.

 Қосымша ретінде заң жобасы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-тың жердің сапасына байланысты мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, соның ішінде экономикалық бағалау және жер мониторингін жүргізу, топырақ, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулер жүргізу және топырақты бағалауға қатысты қызметтерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» РМК құзырына беру қарастырылған.

 Заң жобасы тұжырымдамасы

Ұсыныстарды 22 маусымға дейін мына поштаға жіберуге болады:  e.abzhan@atameken.kz  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер