«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес-мектеп» құралы бойынша оқуға онлайн қатысуға болады

2020 жылғы 03 Маусым
8170 просмотров

Кәсіпті енді қолға алдыңыз ба? Есептеу, шаруашылық жүргізу, операциялық процестерде қиындық бар ма? Не істеуге болады?

«Бизнес-мектепте» кәсіпкерлік негіздерін меңгеріңіз, бизнесіңізді жүйелендіріп, кәсібіңіз ретті жұмыс істеуі үшін барлық процестерді жолға қойыңыз.

 2020 жылдың өзінде 2507 тыңдаушы онлайн оқудан өтті. 1 маусымнан бастап оқыту ОНЛАЙН режимінде ғана өтеді.

 Сайтта тіркеліп, өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта оқуға кірісіңіз.

Тіркеуден кейін сізге 10 бейнесабақ, сондай-ақ оқу жоспарлары, маркетингтік зерттеулердің мысалдары, қаржыландыруға өтініш беру үшін құжаттардың үлгілері және шағын бизнес құруға арналған идеялардың анықтамалық кітаптары беріледі.

Онлайн оқудан өткен тыңдаушылар финалдық тестілеуден өтеді, оның қорытындысы бойынша егер тыңдаушы шекті балды алса (70%-дан кем емес), «Бастау-мектеп» құралы шеңберінде оқудан өткені туралы сертификат беріледі.  

Мына сілтеме арқылы өтініш беріңіз.

Анықтама ақпаратты 1432 нөмірі арқылы білуге болады

2019 жылы 26 411 адам оқыды, соның ішінде 2 204 адам өз жобаларын іске асырды.

Сізге бұл не береді: (сертификат берілген жағдайда)

-сіз жеңілдікпен қаржыландыруға және «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық байқауға қатысуға мүмкіндік аласыз.

 - Бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін, орташа жылдық айналымы 5000 (бес мың) айлық есептік көрсеткіштен кем емес шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджерлері Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының «Іскерлік байланыс» құралы аясында шетелде тақырыптық тағылымдамадан  өту байқауына қатыса алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер