«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мәжіліс депутаты В.К. Божконың пікіріне қатысты мәлімдеме

28 Мамыр 2020
1142 просмотров

Құрметті Владимир Карпович!

Сіз нақты біліктіліктерге оқытуға қатысты дұрыс айттыңыз, бұл біздің негізгі басымдығымыз. «Бастау» жобасы үнемі жақсартылып, трансформациялануда. Іске асырудың алғашқы жылдарында қаржылық және цифрлық сауаттылықты қоса алғанда біз базалық бизнес-дағдыларға екпін жасадық, бизнес негіздеріне үйреттік, пайымдауды өзгертуге тырыстық. Бұл әдістеме өзін ақтады, өйткені осыған дейін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды осындай ауқымда оқыту болған емес. Ары қарай біліктілік орталығы арқылы, кәсіпкерлерді агробіліктілікке оқытатын ірі зәкірлік кәсіпорындар арқылы агробіліктілікке оқытуды іске қостық.

 Жобаларды ірі кәсіпорындар айналысында өткізу тізбектеріне қосу, яғни жоба қатысушыларын өткізу нарығымен, ал қайта өңдеуші кәсіпорындарды шикізат базасымен қамту – маңызды фактор болып отыр. Адамдарға балық емес, қармақ беру, бизнестің аяққа тұрғанынан кейін тұрақты табыспен қамту маңызды. Жоба түлектерінің 92 пайызы салық төлейді, яғни жұмыс істеп жатыр, бұл 30% – мемлекет қойған КРІ, бірақ статистикадан көріп отырғанымыздай, тиімділік көрсеткіші әлде қайда жоғары.

Оқып шыққандардың 100 пайызынан шамамен 70 пайыз бизнес-жоспарларын қорғайды, соның ішінде 30 пайызы несие және грант түрінде қаржыландыру алады, қалған қатысушыға қаражат жетпейді.

 Қазіргі таңда оқу бағдарламасының жалпы көлемінен 50%-дан астамын бағыттар бойныша агробіліктілікке оқыту құрайды.

Жобаның 2020 жылы ең негізгі ерекшелігі – нақты секторда бизнесті жүргізуге арналған практикалық дағдыларды игеруге бағытталуы болмақ.

«Бастау Бизнес» жобасы кез келген жұмыс істеп тұрған организм ретінде өзінің қалыпты эволюциясын өткеруде. 2017 жылы адамдарға өздерін бизнесте сынап көруге мүмкіндік беруден басталды, 2019 жылы жұмыссыз жастарға бөлек бағыт жасап, аудиториямызды кеңейттік. Биыл практикалық құрауышты күшейтіп, кәсіпті енді бастаушыларға бизнес-жоспарды сәтті іске асыруда қажет болатын ғана ақпаратты беруді көздейміз».

 Біз «Бастау Бизнес» жобасының нәтижелері туралы кең ақпараттандырып отыруға тырысамыз. Негізгі сандарды қысқаша айта кетелік. «Бастау Бизнес» жобасын іске асырудың үш жылы ішінде 118 345 адам оқытылды, соның ішінде 29 мың адам оқудан соң өз кәсіптерін ашты. 2019 жылы жоба ауқымы екі есеге өсті, алғаш рет республикалық маңызы бар қалалар қамтылды. Сондай-ақ Жастар жылын ашу салтанатында «Атамекен» ҰКП-ға жастарды кәсіпкерлікке оқыту, жеңілдікпен несие, грант беру, кәсіп ашуға бағыттау мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы аналогиясы бойынша «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. Осылайша оқыту бойын жалпы жоспар 75 000 мыңды құрады, соның ішінде «Жас кәсіпкер» жобасымен 20 000 адам оқып шықты.

 «Атамекен» ҰКП 2016-2017 жылдары әкімдіктермен бірлесіп, Қостанай, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында жарғылық капиталы 588 млн теңгені құрайтын микроқаржы ұйымдарын ашты (ҰКП үлесі – 51%, жергілікті атқарушы органдардың үлесі – 49%). 2019 жылы Қарағанды және Павлодар облыстарында жарғылық капиталы 150 млн теңгені құрайтын (ҰКП үлесі – 51%, жергілікті атқарушы органдардың үлесі – 49%) микроқаржы ұйымдары ашылды. Бұдан бөлек, жарғылық капиталы 100 млн теңге көлемінде Шымкент қаласында микроқаржы ұйымын ашу бойынша келісімдер жасалған.

 Жарғылық капиталды қалыптастыруға бөлінген қаражат, сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы тартылған қаражат есебінен 2017 жылдан бастап ауылдық жерде жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге жылдық 6%-бен 1233 несие берілді. Қазіргі кезде микроқаржы ұйымдарының ссудалық капиталының сомасы 3054 млн теңгені құрайды.

МҚҰ-дың барлық тобы бойынша төлемдерді кешіктірудің ағымдағы деңгейі 1,3%-ды құрап отыр. Карантин кезеңінде 100-ден астам қарыз алушыға төлемдерді кейінге шегеріп беру бойынша шешім қабылданды.

 ҚР Президенті жақында Үкімет және «Атамекен» ҰКП-ға «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» жобасын әзірлеуді тапсырды, аталған жоба кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерлерді, соның ішінде жеке қосалқы шаруашылық базасында өткізу тізбегіне қосуға бағытталған. Нәтижесі «Бастау» қатысушыларын қоса алғанда, кәсіпті енді бастаған фермерлер өндірген өнімдердің сауда желілерінде сатылуы болмақ.

 Демек, жобаға әлі де трансформациялану қажет. Жобаны іске асырылуы уақытында біз Мәжіліс депутаттары, мәслихат депутаттары тарапынан қолдау көріп келдік, кейде ұсыныстар мен қисынды сынды да алып отырдық. Біз депутаттық корпуспен барлық деңгейде өзара әрекеттесу практикасын жалғастырғымыз келеді.

 Келер шақта «Бастау» түлектерімен бірқатар іс-шара өткізу жоспарланған, оған барлық мүдделі тараптар, соның ішінде депутаттық корпус өкілдері де шақырылады.

Құрметпен, «Бастау Бизнес» жобасының командасы атынан Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және микроқаржыландыру департаментінің директоры Айболат Есентеміров

 


Серіктестер