«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«ALTYN OIMAQ»: павлодарлық шебер байқауға бисер әшекейлерімен қатысады

2019 жылғы 09 Сәуір
- Павлодар облысы
4089 просмотров

Павлодарлық қолөнер шеберлері өздерінің шеберханаларында қонақтарды күтіп, дизайнерлік туындыларын көрсетті

«ALTYN OIMAQ» байқауының жобалық тобы «Altyn Design» ЖШС, «Райсаның сән театрында», сонымен қатар Павлодар көркем мұражайында Виктория Сұлтанованың көрмесіне барып қайтты. Павлодарлық кәсіпкер Виктория Сұлтанова өзінің туындыларын «ALTYN OIMAQ» байқауында таныстырмақ.

  «ALTYN OIMAQ» байқауы жаңа есімдерді ашып, көп адамға идеялары мен жобаларын жүзеге асыруға көмектесетініне сенімдімін. Кәсіпті енді қолға алған қолөнер шеберіне 1 млн теңге көлеміндегі көмек – жақсы капитал. Байқау ұйымдастырушыларымен кездестік, жақсы пікірлесу болды, сұрақтарымызды қойып, жаңа идеялармен шабыттанып келдік», – деді Виктория Сұлтанова. 

 Қолөнер шебері бірнеше жыл қатарынан өзінің әдемі әшекейлерімен талай байқау мен көрмелердің белсенді қатысушы болып жүр. Шебер бисермен әшекей жасайды, бұл материал қымбат маталар және асыл металдардың көркін аша түсетін байырғы әрлеу материалы. Авторлық туындылар өзінің ерекшелігі мен стилін көркемдей түскісі келетін қыз-келіншектер арасында жоғары сұранысқа ие. Өзінің әшекейлерін Виктория Сұлтанова ішкі нарықта, сонымен қатар елге келген туристерге сатады. Жұмыстарының бір бөлігі Испания, Израиль, Германиядағы жеке топтамаларға кетті.

  «Сұлтанова» жеке кәсіпкерлігінің бұйымдары бояулары қанық, бір көргенде көздің жауын алатын көркем де сапалы. Әр туындыда ұлттық нақыш, әрі өзіндік қайталанбас дизайн, өрнек, форма мен түсі бар. Шебер Павлодарда мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қолөнер бойынша оқу орталығын ашқысы келетінін айтты.

«Аталған орталықтың міндеті – балалар және ата-аналарды қолөнерге бірге оқыту. Өйткені балалар өздері көп нәрсені үйренуге үлгермей жатады, ал жандарында ата-анасы және туыстары болса, оқу қызықты әрі тиімді болмақ. Мүмкіндігі шектеулі балалар сүйікті ермекпен айналысып, ары қарай табыс таба алады», – дейді шебер.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер