«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» түлегі ауылда массаж кабинетін ашты

2019 жылғы 19 Маусым
- Павлодар облысы
7800 просмотров

Мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасалуда

Халықтың экономикалық белсенділігін арттыру және кәсіпкерлікпен айналысуға тартудың тиімді әдістердің бірі «Бастау» бағдарламасы. Аталған бағдарлама қатысып, кәсіп бастағандардың бірі – Ақсу ауылының тұрғыны Зулика Магиева.

«Бастау» жобасы – арманға апарар жол. Ол туралы  қабылдауға келген пациентімнен кездейсоқ білдім. Ол маған Павлодар облысының ӨКП Ақсу филиалына өтінім жасауға кеңес берді. Мен кеңесті тыңдап Кәсіпкерлер палатасына бардым. Онда маған кеңес беріп, жоба туралы жан-жақты ақпараттандырды. 2019 жыл наурыз айында оқуға қатысып, кәсіпкерлік туралы көп ақпарат алдым, білімімді кеңейттім. Оқу аяқталған соң «Бастау жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері» сертификатын алдым. Ары қарай жеке кәсіпкерлікті тіркедім де массаж кабинетін ашу бойынша бизнес-жоспарды құрдым», – деді Зулика Магиева.

Бизнес-жоспарын сәтті қорғаған бастауыш кәсіпкер мемлекеттік грантты иеленді, оған кәсіби массаж жабдығын сатып алды.

 «Массаж кабинетін қажетті жабдықпен қамтыған соң клиенттер саны артты, жұмыс процесі жақсарды. Қазір бизнесім туралы көп адам біледі, тіпті Ресейден, елорда Нұр-Сұлтаннан арнайы ем алуға келеді. Балалар мен ересектерге массаж қызметі көрсетіледі, емдік, целлюлитке қарсы, сергітетін, классикалық массаж бағдарламалары бар. Дәрігермен кеңесу арқылы мен ауыр науқастарға – сүйегін сындырған, инсульт алған адамдарға, сал ауруға шалдыққан балаларға емдік массаж жасаймын, түрлі емдік гимнастикалар бар», – деді «Бастау» түлегі.

 Кәсіпкердің айтуынша, күнделікті жұмыспен қатар денсаулыққа да көңіл бөлген жөн. Зулика Магиеваның кәсібі әр пациент денсаулығына ем. Кәсіпкер жуық арада массаж салонын кеңейтпек.

 «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасына жаңа білім, бизнесті ұлғайтуға берілген мүмкіндік, бизнес-дағдылар үшін алғыс білдіргім келеді. Кәсіп бастағысы келетіндерге арманға қарай батыл қадам жасауға кеңес беремін. Ал «Бастау» жобасы осы жолды тездедіп, жеңілдетеді», – деді Зулика Магиева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер