«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда «Бастау» жобасына іріктеу басталды

2019 жылғы 18 Ақпан
- Павлодар облысы
5486 просмотров

Павлодарлықтарды «Бастау» жобасына қатысу, бизнес негіздерін оқу және жеке кәсіпті бастауға шақырады

 «2018 жылы жоба бойынша 1829 адам оқып шықты. Жалпы сомасы 843,3 млн теңгеге 224 жоба қаржыландырылды. 727 тыңдаушы жеке кәсіпті бастауға мемлекеттік грантты иеленді», – деп ақпарат берді ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Әсия Закарьянова.

 Оқытудың бірінші легі Ақтоғай, Железин, Аққулы, Май, Павлодар, Успен, Шербақты аудандары, Ақсу және Екібастұз моноқалаларында, сонымен қатар облыс орталығы Павлодар қаласында өтеді.

 «Жоба кәсіпкерлік негіздерге оқытуға, сонымен қатар бизнес-жобаларды сүйемелдеуге бағытталаған.  «Бастау» жобасына қатысушылары кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Биыл Кәсіпкерлер палатасында «Бастау» жобасы түлектерінің клубы құрылмақ. Клуб қаржыландыру менжобаларына сүйемелдеу алған барлық түлектерді біріктірмек», – деді Әсия Закарьянова. 

Палата сарапшысы оқыту тегін екенін атап өтті. Бұған қоса, жобаға қатысушылар бір реттік шәкіртақы алады. Қазіргі таңда бірінші лекке қатысам деушілерден өтінім жиналып жатыр.  Қатысам деушілерді ӨКП-ның Екібастұз, Ақсу қалаларындағы филиалдар, аудандық бөлімшелер немесе Павлодар қаласы Ломов көшесі 21-де орналасқан орталық кеңсеге шақырады.

Жобаға қатысып, жеке кәсіп ашқандардың бірі Луганск ауылының тұрғыны  Вадим Годун. Мамандығы бойынша биотехнолог «Бастау» жобасына кәсіпкерлік негіздерін оқу үшін келген екен. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша жас жігіт кафеге қажетті жабдықты сатып алды.  

«Жобаға келгенімде өзімді қоғамдық тамақтынудағы кәсіпкер ретінде сынап көру жоспарда болған. Жобам іске асу кезеңінде тұр. Кафе ғимаратына реконструкция жасалды. Жақын арада кафеге арналған жабдық келеді. Жеткен жетістікпен тоқтап қалмай, бизнесімді кеңейтуді көздеп отырмын. Ол үшін қосымша орынжай салу керек. Мен қажетті біліммен қоса жобаны дамытуға  төмен мөлшерде несиеге қол жеткіздім. Кәсіпкерлер палатасы менің оқуымнан бастап несие алуға дейінгі аралығында қолдау көрсетті. Мұндай сүйемелдеу әсіресе енді кәсіп бастағандарға жақсы демеу», –деді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер