«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» түлегі ауылда фаст-фуд кафесін ашты

2018 жылғы 10 Қазан
- Павлодар облысы
10072 просмотров

Ертіс аулының тұрғыны 12 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеген соң жеке кәсіп ашуға шешім қабылдайды.

Ауыл тұрғындары бастауыш кәсіпкердің идеясын бірауыздан қолдады. Жанар Сейітова – «Бастау» жобасының түлегі. Оның үстіне Жанар үш баланың анасы, кіші баласы небәрі екі жаста. Осыған қарамастан жас қыз өмірін түбегейлі өзгертіп, жылдам тамақтандыру саласында жобаны қолға алды.  

 «Бастау» жобасы бойынша оқып, бизнес-жоспарымды қорғап, 2018 жылдың маусым айында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жеңілдікпен 5 млн теңге несие алдым. Ал 3 қыркүйекте жеке кафе аштым. Біз шаурма, дөнер, самса, түрлі салмасы бар піскен пирожки, тұмшапеште піскен кәуап, хот-догтар, фри картобы, гамбургерлер әзірлейміз, жоспарда твистер, ащы құс қанаттарын дайындау бар», – деді бизнес ханым.

 Алынған қаражатқа «Бастау» түлегі ішінара жабдықталған дайын орынжайды сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізді, жабдықты толықтырды. Кафе Ертіс ауылының орталығында, базар аумағында орналасқан. Мұнда 3 адам жұмыспен қамтылған. Кафе ашылған күні ауыл тұрғындарына жылдам дайындалатын тағамдардың үлкен тізімі қолжетміді бағалармен ұсынылды.

 «Бәрімізге бірдей тамақ дайындауға уақыт жете бермейді. Осындай кезде көмекке кафе, асханалар келеді. Мұнда бірінші рет келіп отырмыз, көңілімізден шықты. Ауылымзда жылдам тамақтанудың кафесі ашылғанына қуаныштымыз. Достарымыз бен жақындарымызға осында келуге кеңес береміз, өзіміз де балаларымызбен бірге тағы келеміз»,– деді ауыл тұрғына Күлбан Мұқашева.

 Жанар Сейітова қонақтар көп, тапсырыстарды тез орындауға тырысып жатқандарын айтты. Шикізатты ауылдың өзінен жергілікті өндірушілерден алынады.

 «ӨКП Ертіс ауданы филиалы сарапшыларымен үнемі байланыс ұстаймын. Мұнда бизнеске қатысты барлық мәселелер бойынша қолдау көрсетеді, жол сілтейді. Жоспар бойынша бизнесті жолға қойып, балаларға арналған ойын алаңын ашамын. Ата-аналар демалып, балалар ойындарын қандыратын жер керек», – деді кәсіпкер.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер