«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әйелдер кәсіпкерлігін шағын несиелендіруге қосымша 1 миллиард теңге бөлінді

2018 жылғы 20 Қыркүйек
6227 просмотров

Қаражатты «Атамекен» іскер әйелдер Кеңесімен жасалған меморандум аясында «Қазақстан Халық Банкі» бөледі. 

Осылайша банк тарапынан әйелдер кәсіпкерлігі жобаларын қаржыландыру көлемі 2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

«Біздің елімізде әйелдер кәсіпкерлігінің бай тарихи негізі бар, және бірқатар салаларда, мысалы, тамақ өнеркәсібі, бөлшек сауда, білім және медицина салаларында - businesswomen саны ерлермен тең, тіпті ер-кәсіпкерлер санынан асып түседі. Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің үлкен әлеуетін статистика дәлелдейді: бағдарлама бойынша жеңілдетілген кредиттерге деген сұраныс және біз мақұлдаған өтінімдер саны күтілген деңгейден айтарлықтай асып түсті. Бұл ретте бизнес-жоспарлардың сапасы өте жоғары, ал жобалар - қызықты және әлеуметтік маңызды болып шықты. Біз қазақстандық әйелдер арасында кәсіпкерлік белсенділікті қолдау мен дамытуға, үлкен әлеуметтік тапсырысты қанағаттандыру мүмкіндігіне қуаныштымыз», - дейді  «Қазақстан Халық Банкінің» Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Бастапқыда 1 млрд теңгеге жарияланған лимит мерзімінен бұрын - ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін игерілді. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап (2018 жылдың маусым айының соңына дейін) 750 кәсіпкер әйелге кеңес берілді. Бүгінгі күні бағдарлама бойынша экономиканың түрлі салаларында: медицина, сауда, көлік және тұрмыстық қызметтер бизнес-жобаларды іске асыруға арналған 81 мақсатты қарыз берілді. Қазіргі уақытта банктің қарауында 85 өтінім бар.

«Осы бағдарламада «Атамекен» Іскер әйелдер Кеңесі бизнес-ледилерді оқыту және кеңес беру бойынша өте маңызды компонентті өзіне алды. Несие алу оңай емес. Барлық тәуекелдерді азайту үшін қандай да бір бизнес-жобаның қаншалықты сауатты және қай бағытта дамитынын түсіну өте маңызды. Сондықтан әрбір әйел банкке немесе өңірлік палатаға несие алу үшін өтініш жасай отырып, бизнес-жоспар жазып қажетті қолдау алады, қажет болған жағдайда жобаның әлеуетті рентабельділігін анықтау үшін маркетингтік зерттеу жүргізіледі. Бұл мәселеде «Атамекен» мен банк арасында тығыз байланыс орнатылған. Айта кетерлігі, бағдарлама аясында 50 млн-нан астам қаражат жаңа бизнес - жобаларға берілген, яғни біз әйелдерге өз хоббиі мен арманыңды табысты іске айналдыруға мүмкіндік береміз», - дейді «Атамекен» іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова. 

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама талаптары бойынша кредиттер 5 жылға дейінгі мерзімге, 5-7 пайыздық үстемемен, стартаптарды қоса алғанда, бизнестің кез келген түріне беріледі.

Әйелдер бизнес-жобаларын қаржыландыру бағдарламасы «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер Кеңесі мен «Қазақстан Халық банкі» арасында меморандум жасалғаннан кейін 2018 жылдың маусым айында Астанада өткен Қазақстанның Іскер әйелдерінің конгресі барысында жарияланды. Бірлескен бағдарламаның мақсаты-өндірісті қосымша ынталандыру және нарықты тауарлармен және қызметтермен толықтыру үшін әйелдер кәсіпкерлігі субъектілеріне микрокредит берудің тиімді жүйесін құру, сондай-ақ іс жүргізу тәжірибесін жинақтау бағытында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жәрдемдесу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер