«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Қоңырөзек» кооперативі: сауатты тәсіл табысты бизнеске жетелейді

2018 жылғы 13 Наурыз
- Павлодар облысы
6171 просмотров

Табысты кәсіпкердің әрқайсы ауқымды ойлау, заманауи әрі іскерлік қабілетпен ерекшеленеді

Ауылдық тұтыну кооперативінің басшысы Ислам Рысмағамбетов Успен ауданында ғана танымал емес. Ол жан жақты, таңдай қағарлықтай тұлға, себебі басқару әрі ұйымдастырушылық қабілеті жоғары.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған ол 1991 жылы шаруа қожалығын құрды. Мұнымен тоқтап қалмай, 2016 жылы «Қоғырөзек» ауылдық тұтынушылық кооперативін құрды әрі бүгінгі күнге дейін басқарып келеді.

Кооперативтің негізгі қызметі – сүт өндіру, дайындау және өткізу. Кооператив мүшелерінің жалпы саны – 68 адам.

Кәсіпкерлер палатасының Успен аудандық филиалы тұтынушылық кооперативке көмектесті. Филиал менеджерлері кооператив мүшелеріне қаржылай емес қолдау көрсетті. Оған кеңес беру, сүйемелдеу, 28 миллион теңгеден астам соманы құрайтын бизнес-жоспар дайындау кіреді. 2017 жылы «Қоңырөзек» кооперативі қосымша жаңа техника алды.

«Ислам Рысмағанбетов – кооператив төрағасы емес, мықты шаруақор, нағыз патриот. Келешекте мал шаруашылығын, егіншілікті, фураж бен жем дайындауды дамытуды, жаңа техника алуды жоспарлап отыр», - деді Кәсіпкерлер палатасы Успен аудандық филиалының директоры Әсел Бижанова.

Әсел Бижанованың айтуынша ауылдық тұтыну кооперативін ұлғайта отырып дамыту төраға ауылдың қоғамдық өмірінен де қалыс қалмайды. Ол жергілікті іс-шаралардың демеушісі, спорт пен білім беру саласындағы бастамалардың қолдаушысы. Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етіп келеді.

Алда әлі талай жұмыс күтіп тұр, кооператив басшылығы қиындықтан тайсалмайды. Мұнда ауыл шаруашылығы техникумында алған білімінің пайдасы зор болды.

«Қоңырөзек» кооперативі тұрақты дамып келеді. Қожалықтың басшысы білімін жетілдіріп, келешекке деген сенімі зор.

«Ауыл шаруашылығын таңдағаныма бір сәт те өкінген емеспін. Барлығына қолды бір сілтеп, басқа жұмысқа орналастыруды ойлаған кез де болды. Алайда жерге деген ынта ештеңені өзгерте алмайды», - дейді Ислам Рысмағанбетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер